Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығында Қостанайда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті.
Екі күнге жоспарланған шаралар қазақ ағартушылығы мен ұлттық мектептің қалыптасу тарихындағы терең із қалдырған Ыбырай Алтынсариннің былтыр Қостанай қаласының төрінде бой көтерген ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен бастау алды. Салтанатты шараны еліміздің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бастап, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Есимова, облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова және жалпы бір топ зиялы қауым өкілдері жалғады.

Артынша министр мен облыс әкімінің бастауымен білім саласының қызметкерлері Қостанай ауданының Мичурин мектебіне жол тартты. Мичурин орта мектебіне жасаған сапары барысында еліміздің бас педагогі аталмыш білім ордасындағы жаңашылдықтармен танысып, ұстаздармен, оқушылармен әңгімелесіп, ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдады. Сапары барысында Асхат Аймағамбетов қауіпсіз және сапалы білім беру ортасын құрудың маңыздылығына баса назар аудару керектігіне негіз бөлді. Білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысу барысындағы Асхат Қанатұлының сұрақтарына облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова тоқталды:
– Республика бойынша мыңға жуық автобус болса, соның 130-ы облысымыздың мектептеріне тиесілі. Оның көмегімен жалпы саны 2500-ге жуық бала, соның 1300-і күнбе-күн тасымалданады. Жалпы 66 шағын жинақты мектептер бар, – деді. Сондай-ақ бүгінде білім ордаларын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіп, оқушыларға сапалы білім алып қана қоймай, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында да қажет шаралар атқарылып жатқанын атап өтті.
.jpeg)
Мичурин мектебі бүгінде заманға сай қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Министр атап өткен қауіпсіздік ережелері қатаң сақталған: бейнебақылау жүйесі, турникет және дабыл түймесі бар. Білім ордасының басшысы Айнаш Даданова өз сөзінде Мичурин мектебінде соңғы екі жылда компьютерлік парктың жаңартылып, шеберханаларға жаңа жабдықтар жеткізілгенін, мектеп кітапханасы, спорт жабдықтары да жаңартылғанын атап өтті. Бүгінде мектептің кітапхана қорында жалпы саны 40 мың 165 кітап болса, соның 20 мыңы білім бағдарламасына қарастырылған. Сондай-ақ биыл қазақ тіліне тәржімаланған шетелдік көркем әдебиеттердің қатары 2336 дана кітапқа артқанына ерекше тоқталды.
Еліміздің бас ұстазы мектептің басшылығымен ғана емес, ұстаздарымен жеке әңгімелесіп, оқыту барысында кездескен мәселелерінің бар-жоғын біліп, ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдады. Солардың бірі география пәнінің мұғалімі Саят Есембек. 2014 жылы сол кездегі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын тәмәмдап, содан бері 7 жыл көлемінде осы мектепте қызмет істеп келеді. Өз сөзінде Саят Әмірханұлы материалдық базаның жаңартылып, жастарға қолдаудың да артып жатқанына тоқталып, жаңартылған білім жағдайындағы жұмыс барысын баяндады. Ал ұстаздық қызметте 24 жыл еңбек өтілі бар бастауыш сыныптар мұғалімі Ханзада Тулекина министрмен әңгімесінде жаңа «Әліпбиге» қатысты ұсыныстарын білдірді.
Педагогтер өз сөзінде мемлекеттің ауылдық мектептері үшін көптеген іс тындарылғанын айтты. Үстіміздегі жылы облыста жалпы соммасы 5 млрд теңгеге 82 ауылдық мектебі жаңартылды, 2025 жылға дейін тағы 325 мектеп жаңартылмақ.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген
Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.