Ерекше жобаға берілген авторлық құқық

Выпуск - №39 (587)   :   19.10.2023
838

Қостанай қаласындағы NIS-тің 12-сынып оқушылары Ерболат Сембаев пен Илияс Баишев, прокторинг жүйесі бар және ашық сұрақтар мен оған жауаптарды автоматтандырылған түрде тексеру жүргізетін интерактивті зияткерлік ойынды өткізуге арналған онлайн жүйесін әзірледі.

Білім сапасы – мемлекеттің тұрақты дамуына кепілдік беретін негізгі факторлардың бірі. Оған білім беру ұйымдарында теория мен практиканы үйрену арқылы қол жеткізуге болады, онда білім алуға уәжі төмен оқушыларды түрлі әдістермен қызықтырады. Мысалы, викториналар, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, үй тапсырмасын ешкімнің көмегінсіз орындауға көмегі зор.

– Біздің ғылыми жетекшіміз Борис Зеленовтың оффлайн режимінде өткізген «Эрудит» ойыны оқушылар арасында үлкен қызығушылық танытты, олар әлі күнге дейін аталған интеллектуалды ойынды асыға күтеді. Ойын барысында оқушылар акт залына жиналып, командаларға бөлініп, қағазға жазылған сұрақтарға жауап беріп, қызықты викториналық жарысқа қатысатын. «Erudit Plus» – «Эрудит» ойынының электрондық нұсқасы. Ойынның электрондық нұсқасы ыңғайлырақ және кеңірек ұйымдастыруға мүмкіндік береді, – деп бөліседі Ерболат Сембаев.

Айта кету керек, бұл – Ерболаттың алғашқы авторлық құқығы емес. Өткен оқу жылында жас ғалым «QSOIL – Quest System of Interactive Learning – Интерактивті оқытудың квест жүйесі» жобасын әзірлеуге авторлық құқық алды. Бұл – 3D кеңістігіндегі процесті геймификациялау арқылы оқушыларға «Информатика» пәні бойынша ағылшын тілінде білім беруге арналған дамыту жүйесі. Ал жаңа жоба «Erudit Plus» әкімшімен таңдайтын әртүрлі санаттарға ашық жауаптарды енгізуге мүмкіндік беретінімен ерекшеленеді.

– Жоба Go бағдарламалау тілінде жүзеге асырылды. Сондай-ақ, web sockets технологиялары мен Postgres және Docker сияқты дерекқорлары қолданылды. «Erudit Plus» жобасында әкімші таңдаған әртүрлі санаттарға ашық жауаптар енгізуге болады. Әкімші әр сұраққа жауап беру уақытын және бір сұраққа ұпай санын қоя алады. Ойынның соңында жеңімпаз командалар анықталады, – дейді жобаны әзірлеушілердің бірі Илияс Баишев.

Ашық сұрақтары бар ұйымдастырылған конкурстық викториналардың бұл технологиясы – оқу үдерісін геймификациялаудың тиімді нұсқаларының бірі. Бұл дұрыс жауаптар үшін ұпайлар мен ынталандыру арқылы теорияны ұзақ мерзімді жадыға тапсыратын оқушылардың пайызын арттырады деп сенеміз.

– Біз қараша айында жүйені сынап көруді және мектепте алғашқы ресми ойынды өткізуді, содан кейін барып қана облыстық және республикалық деңгейлерге шығуды жоспарлап отырмыз, – дейді болашақ жоспарларымен бөліскен жастардың ғылыми жетекшісі және информатика пәнінің мұғалімі Борис Зеленов.


Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы
NIS баспасөз хатшысы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.