Футболдан ашық турнир

Выпуск - №40 (588)   :   28.10.2023
704

Арқалық қаласындағы қосымша білім беру орталығында спорт ардагері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ромашенко Николай Павловичті еске алуға арналған қала мектептерінің оқушылары арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Дәстүрлі іс-шараның мақсаты – оқушылар бойында саламатты өмір салтын қалыптастырып, футбол ойының оқушылар арасында кеңінен насихаттау. Екі күнге созылған ашық турнирге қала мектептерінен жалпы саны 10 команда 80-ге жуық оқушы қатысты. Турнир қызықты да тартысты өтті. Турнирге қосымша білім беру орталығының «Былғары доп» футбол клубының жетекшісі Серік Қорқытбаев және қосымша білім беру педагогі Иманбек Айтказин төрешілік етті.

Жалпы футбол ойынының қорытындысы бойынша І орынға Ы.Алтынсарин атындағы гимназия командасы, ІІ орынға М.Әуезов атындағы №5 мектеп командасы, ал ІІІ орынға А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия командасы ие болды. Жеңімпаз командалар қосымша білім беру орталығының мадақтамасымен және медальмен марапатталса, І орын иеленген командаға кубок табысталды. Қызықты да тартысты өткен футбол жарысы өз мәресіне жетіп, алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Куаныш АБИЛКАИРОВ,
Қосымша білім беру
орталығының спорт
нұсқаушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!