Ғалым мұрасын жаңғырту

Выпуск - №46(643)   :   22.11.2024
821

image

Қазақ ғылымының негізін қалаушы тұлғалардың бірі және бірегейі, еліміздің геология саласының дамуына үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай түрлі іс-шаралар мен сынып сағаттары өткізілуде.

Сондай іс-шаралардың бірі – Мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп тәлімгері Бибарыс Даулетбаевтың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасындағы эстафеталық ойын. Бастауыш сынып оқушыларына арналған Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған эстафеталық ойындар – бұл балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық рухты қалыптастыратын және танымдық ойындар арқылы Қаныш Сәтпаевтың еңбектерімен таныстыратын танымдық жағы мол іс-шара. Ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, қызықты әрі қарапайым тапсырмалардан тұрды.
«Доппен жүгіру», «Сақинамен секіру», «Есеп эстафетасы», «Ұзын пойыз» сияқты кезеңдерден тұрған ойын барысында оқушылар өте жоғары деңгейде белсенділіктерін таныта білді. Барлық тапсырмалар айтарлықтай қызықты болды. Балалар топтарға бөлініп, бір-біріне көмектесіп, топ болып жұмыс істеді. Олар әр тапсырманы орындауға жарыса кірісіп, бір-біріне қолдау көрсетіп отырды. Ойыннан балалар өзіне көп дүние алды деп ойлаймын. Себебі, ойында топтық жұмыс істеуді, бір-біріне көмектесуді және әділ бәсекелесуді үйренгенінен бөлек Қ.Сатпаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы жаңа мәліметтерге қанық болды.
Барлық кезеңдерден кейін әр сыныптың жинаған ұпайлары саналып, жеңімпаздар анықталды. Үздік шыққан жеңімпаз топтарға сыйлықтар мен мадақтама қағаздары берілді. Бұл эстафеталық ойындар балалардың білімдерін кеңейтіп қана қоймай, Қ.Сәтпаевтың ғылымға қосқан үлесімен таныстырады, балалардың ғылым мен білімге деген ынтасын оятады. Қаныш Сәтпаев – еліміздің мақтанышы, ұлы тұлға. Оның есімі Қазақстан ғылымының дамуы мен көркеюінің белгісі ретінде тарихта қалды. Ғалымның өмірі мен еңбек жолы жастар үшін білім мен ғылымға деген шынайы махаббат пен ізденімпаздықтың үлгісі болып қала бермек.

Қаламқас ДУЛЫБАЕВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
А.Байтұрсынұлы атындағы
ЖББМ математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.