Мереке негізгі орта мектебінде сәуірдің 7-11 аралығында «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты гуманитарлық-эстетикалық пәндер апталығы өтті. Апталықтың ашылуынан бастап ашық сабақтар мен түрлі іс-шаралар жоспарға сай ұйымдастырылды.
Апталықтың ресми ашылуы ұлы тұлғалардың бейнесін сомдаған театрлық көрініспен басталып, ұлттық ойындармен жалғасты. Пән мұғалімдері ашық сабақтармен қатар сыныптан тыс түрлі іс-шаралар өткізді. Оған қоса Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай 5–9-сынып оқушылары арасында «Абайды оқы, жалықпа!» мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылса, ағылшын тілі пәні бойынша «Romeo and Juliet» атты театрлық қойылым сахналанды.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің бастамасымен ұстаздар арасында «Көңілді мәре» атты интеллектуалдық-спорттық сайысы өтті. Тартысты сайыс нәтижесінде жаратылыстану-математика пән бірлестігінің ұстаздары жеңіске жетті. Апталықтың жабылу салтанатында ашық сабақтарға асқан белсенділікпен қатысқан, үздік өлеңдер оқыған және танымдық байқауларда көзге түскен оқушылар мадақтама қағаздары мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Галия МОЛДАБЕКОВА,
Мереке негізгі орта мектебінің гуманитарлық-
эстетикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі,
Науырзым ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.