Әдеби кітаптар мен оқулықтар – білім көзі, рухани қазына. Біздің рухани құндылығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихтағы да, әдебиеттегі де талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі – осы кітаптар.
Кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастыру мақсатында 2022 жылдан бастап Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияда «Жылдың үздік оқырманы» жобасы жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде жобаға қатысушылар ережеге сәйкес ұсынылған кітаптар тізімінен кітап оқып аяқтағаннан кейін эссе жазады. Қорытынды кезеңге ең көп оқылған кітап беттерінің саны бойынша үздіктер анықталып, екінші кезеңге қатысады. Бұл кезеңде комиссия мүшелері қатысуышларға оқылған кітаптар тізімінен сұрақтар қойып, жеңімпаздар анықталады.
Биылғы нәтиже бізді қуантпай қоймады. Жалпы Telegram каналға 147 қатысушы тіркеліп, былтырғы оқу жылында 27 мың 598 кітап бетін оқыса, биыл бұл сан екі есе артып, 47 мың 756 бет болған екен. Ұсынылған кітаптар тізімінен Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа», Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер», Пауло Коэльоның «Алхимик», Жюль Верннің «Таинственный остров», Лев Толстойдың «Война и мир», Джоан Роулингтің «Гарри Потер» сияқты кітаптары оқушылардың арасында сүйікті шығарма атанды.
Арнайы комиссия мүшелері бір жыл бойы жобаға қатысушылардың нәтижесін қорытып, белсенді оқырмандар мен жеңімпаздарды анықтады. Осылайша, жобаның белсенді оқушылары –Руслан Тихонов, Айзере Бәшір, Асем Мешітбайқызы, Амир Мусабай, Нұрай Нұржанқызы, Айзада Айтбай, Салтанат Сейтжан, Елизавета Самойлова, Даниял Муктубаев, Полина Блинова мадақтама мен 2 мың теңгенің сертификатына ие болды.
Қорытынды кезеңге үш оқушы өтіп, бірінші, екінші, үшінші орын үшін бақтарын сынады. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынға 5 «Д» сыныбының оқушысы Жан Ержанов тұрақтап, 20 мың теңгенің сертификатына ие болды. Екінші орынды иеленген 8 «Г» сыныбының оқушысы Эрик Ержановқа 30 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал, «Жылдың үздік оқырманы» атағына халық даналығында айтылғандай, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған 5 «Ә» сыныбының оқушысы Иңкәр Ибрагим ие болып, мадақтама мен 50 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
Бұл жобаға ата-аналар мен гимназия мұғалімдері де қатысқанын айта кеткен жөн. Сынып жетекшілердің арасында «Үздік ұйымдастырушы» номинациясына ие болған Нурханова Ақбота Аскарбекқызы, мұғалімдердің арасынан «Үздік педагог-оқырман» номинациясына ие болған Ахметова Салтанат Серікқызы және ата-аналар қауымының арасында «Үздік ата-ана-оқырман» номинациясына ие болған 6 «Ә» сыныбының ата-анасы Ахметова Гаухар Хайрулловнаға 10 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Дана халқымыз: «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», – деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. «Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды» демекші, жобаның жүзеге асырылуына айрықша үлес қосып келе жатқан «Нұр-Жайлау» ЖШС басшысы Құсаинов Мұхтар Хамитұлын атап өткім келеді. Мұхтар Хамитұлы жүрегі кең, ниеті таза, өскелең ұрпаққа мейірімі шексіз, жанашыр халық перзенті. Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия әкімшілігі және оқушылар тарапынан абзал жанға шексіз алғысымызды білдіреміз.
Салтанат АХМЕТОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.