«Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен 2–7-сынып оқушылары арасындағы ғылыми жоба байқауына Амангелді ЖББМ атынан қатысқан Аяулым Арғынғазы мен Аруна Дәуітбаева республикалық кезеңге жолдама алған еді.
Амангелді ЖББ мектебінің 4-сынып оқушысы Аяулым және 7-сынып оқушысы Аруна сол жолдама бойынша ақпан айында Көкшетау қаласында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсынан бас жүлдені иеленіп келді. Ғылыми жетекшілері – Қарлығаш Ауезбекова мен Бақыткүл Уатқанова. Қарлығаш Ибинияқызының оқушысы Аяулым Арғынғазы бас жүлде иеленсе, Бақыткүл Жұмабекқызының шәкірті Аруна Дәуітбаева арнайы сертификатпен марапатталды. Жоба барысында шәкірттеріміз жеңіске жету жолында тынымсыз еңбектенгенін атап өтуіміз керек.
Білім мен біліктілікті, өнер мен өнегені бойларына жиып, жаһандық бәсекелестік заман көшінің алды болуға ұмтылған озат оқушыларымызды мақтан етеміз. Еңселі елдігіміз бен тәуелсіздік теңдігімізді берік ұстайтындарыңызға сеніміміз мол. Оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз. Әрине, шәкірттеріміздің осындай үлкен жетістікке қол жеткізуі – жетекшілері Қарлығаш Ибинияқызы мен Бақыткүл Жұмабекқызының өлшеусіз әрі тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін ескермей кетуге болмас.
Қарлығаш Ибинияқызы зейнет жасына келсе де шәкірттерін түрлі байқауларға дайындап, қатыстырудан еш жалықпайтын, өз мамандығының кәсіби шебер ұстазы деп айтуға болады. Ал, Бақыткүл Жұмабекқызы – қаншама шәкірттерін тіл мен әдебиет додаларына қатыстырып, талай облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстардан өзі де, шәкірттері де жүлдегер атанып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мектебіміздің ғана емес, ауданымыздың абыройын асқақтатып, ата-аналардың да, ұжымның да мақтанышына ие болған нағыз маман. Қарлығаш Ауезбекова да, Бақыткүл Уатқанова да бастаған әрбір ісін тиянақты, жауапкершілікпен орындап, шәкірттерімен тығыз байланыста, шығармашылықпен жұмыс істеуінің арқасында осындай үлкен жетістікке жетіп отыр.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп данышпан Абай айтқандай, ерінбей, жалықпай еткен еңбегінің арқасында жемісті жетістіктерін көріп отырған ұстаздарымыздың жұмысын мектеп ұжымы жоғары бағалайды. Қарлығаш Ибинияқызы зейнет жасына келсе де, бастауыш сыныптар бойынша оқушыларды ғылыми жобаға дайындауда нәтижелі жұмыс істеген шығармашыл ұстаз. Қарлығаш Ибинияқызының осындай шығармашылық ізденісі мен тынымсыз еңбегіне ерекше тоқталып өтуге болады. Осындай жетістіктері үшін ұстаз үнемі ата-аналардың, ұжымның мақтанышына ие болып, мектеп, аудан, облыс, республика көлемінде өзі де талай мәрте Алғыс хаттар мен марапаттарға ие болып келеді.
Үстіміздегі 2023-2024 оқу жылында жалпы 2-7 сыныптар арасындағы «Зерде», 8-11 сыныптар арасындағы «Дарын» облыстық ғылыми жобалар байқауында мектебіміз бойынша барлығы 3 оқушы жүлделі 1-орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған. Олар: мектебіміздің 4-сынып оқушысы Арғынғазы Аяулым Ғабиденқызы республикадан бас жүлде иеленсе, Дауитбаева Аруна Бекзадақызы арнайы сертификатпен марапатталды. Осы оқушыларымыздың жетекшілері: Ауезбекова Қарлығаш Ибинияқызы, Уатқанова Бақыткүл Жұмабекқызы және Ержігітова Айткүл Сабырқызының еңбектеріне ұжым атынан ерекше алғысымызды білдіреміз.
Ұстаздарымыздың еңбектеріне толағай табыстар тілей отырып, шәкірттеріңіз биік белестерден көрініп, мектебіміздің, ауданымыздың мәртебесін арттыра беруіне тілектеспін. Әрдайым толағай жетістіктерге қол жеткізе беріңіздер! Оқушыларды ғылыми еңбекке, ізденіске, шығармашылыққа үйретіп жүрген мектеп ұстаздарына алдағы ғылыми жоба байқауларында шығармашылық шабыт пен үлкен ізденіс серік болсын. Осындай жетістікке жеткен оқушылар – жоғарыда айтқандай, ұстаздарының ғана емес, ауданымыздың мақтанышы. Ұстаз еңбегі шәкірт шығармашылығымен еселене берсін! Жарайсыздар, жас ғалымдар! Жарайсың, Аяулым!
Камшат АБДИКОВА,
Амангелді ЖББМ
ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.