Игі істер марафоны

Выпуск - №11 (458)   :   22.03.2021
570

Жастарды қайырымдылық, жақсылық жасауға шақыру мақсатында Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ер мұғалімдердің басшылығымен игі істерге ат салысты.

Олар «Игі істер марафоны» аясында ауылдың тұрғындарына (физикалық белсенділіктен ажыратылған және жалғызбасты қарт кісілерге) үйлерінің маңайындағы қарды тазалап, қар астында қалған кісілердің жолдарын ашып беру сияқты игі істерді жүзеге асырды. Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің көпшілігі үлкеннен көріп өскен үлгі-өнегеге байланысты қалыптасатыны белгілі. Аталған марафон аясында балалар жақсылық жасау өзгенің көңілін разы қылып қана қоймай, өзіңе де істеген ісіңе деген ризашылық сезімін сыйлайтынын түйді.
Ауылымыздың асыл қазыналары – ақ самайлы қарияларымыз: «Мұндай істі өзіміз тындыра алмайтын едік», – деп мектеп оқушыларына зор ықыласпен алғыстарын білдіріп, жүрекжарды лебіздері мен батасын беріп, жүзіндегі қуаныштарын жасырмады. Ал оқушыларымыз болса осындай игі шараларды ұйымшылдықпен жүргізіп, алдағы уақытта да абыройлы істер атқарсақ деген ниетте.


Аягөз ҒАЛЫМ,
Ы.Алтынсарин атындағы 
Обаған ЖББМ биология
пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.