Осыдан бір жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның қолдауымен Рудныйдағы №17 жалпы білім беретін мектепте ерекше білім қажеттілігін талап ететін балалар үшін «Қамқорлық» инклюзия қолдау кабинеті ашылған еді.

Ерекше балалардың бiлiм алуына тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету – басты мiндеттердiң бiрi. Соған орай, нақтырақ айтар болсақ, былтыр желтоқсанның 14-інде инклюзия қолдау кабинеті қолданысқа берілді. Ал биыл қазан айының 14-і күні Дариға Назарбаева және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының өкілдері іссапар барысында білім ордасында болып, педагог-ассистенттердің жұмыс әдістерімен танысты. Дариға Назарбаева әр баламен әңгімелесіп, оқу үдерісіне кірісті.

Инклюзия қолдау кабинетінің ұжымы шығармашылық жұмыс үшін қоллаборативті орта құрды, оған қонақтар, балалар және олардың ата-аналары қатысты. Бірлескен жұмыс нәтижесі: «Өмір ағашы – Бәйтерек» картинасы болды. Жылы кездесуді еске алу үшін жоба қатысушылары өз қолдарын қалдырды. Арнайы келген қонақтар инклюзия кабинеті мамандарының жұмысына жоғары бағасын берді. Мектеп басшылығы мен педагогтеріміз шығармашылық ұжымның тығыз байланысы арқылы жоспарланған жұмыстармен жетістіктерге жетеді деп сенеміз.
Жанат ЖАНГУЖИНА,
№17 ЖББМ ИҚК
педагог-ассистенті,
Рудный қаласы
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.