Қайырымдылықтың қайыры

Выпуск - №41(488)   :   23.10.2021
311

Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар ұйымының штаб төрайымы ретінде мен және «Жалын» көшбасшылық шеберлік мектебінің жетекшісі Ақмарал Файзуллина қалалық «Біз біргеміз» қайырымдылық акиясын ұйымдастырдық.

Акцияны өткізудегі басты мақсат – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек беру. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы ұжымына және мектеп тәлімгерлеріне акция туралы толық ақпарат беріліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде киім-кешек, аяқ киімдер, оқу құралдары жинақталды. Артынша «Жас Ұлан» еріктілер тобы қаламыздың орталығында орналасқан №12 жатақхана тұрғындарына қайырымдылық акциясынан жиналған киім-кешектер мен оқу құралдарды табыс етті.

Акциямызға белсене ат салысып, қолдарынан келгенше көмек көрсеткен барша қайырымды жандарға №1 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп тәлімгері Қаламқас Кенжеғұлға, №2 мектеп тәлімгері Жансая Жолдыбаеваға, №4 Кейкі батыр атындағы мектеп тәлімгері Асел Какимжановаға, №5 М.Әуезов атындағы мектеп тәлімгері Айнагүл Құралбековаға, №6 А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының тәлімгері Асел Мирамоваға, №8 мектеп тәлімгері Ақбота Қалмағанбетоваға, №10 мектеп тәлімгері Дана Мусилимоваға және «Жас Ұлан» орталығының педагогтері мен «Жас Ұлан» еріктілер тобына ерекше алғыс білдіреміз.

Қайырымдылық шарасы барысында қаламыздағы №12 жатақхана тұрғындарының жүзіндегі қуанышы, айтқан алғыстары мен берген баталары көңілімізді бір марқайтып тастады. Осындай бағыттағы шаралар әлі де жалғасын табады деген сенімдеміз. Қолыңыздан келгенше жақсылық жасап жарысуға шақырамыз.


Ақбота АЛДАМЖАРОВА,
«Жас Ұлан» балалар
ұйымының штаб төрайымы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.