Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Қала әкімінің жаңа жыл кеші өтті

Выпуск - №000(000)   :   23.12.2019
284

Жылдағы дәстүрге сай осымен оныншы мәрте Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қостанай қаласының дарынды әрі алғыр жастарының басын қосқан қала әкімінің балы өтті. Бұл жылы оған 105 бала қатысты.

Аталмыш мерекелік кешке қала мектептеріндегі жоғарғы сыныптың ең үздік оқушылары шақырылады. Олар облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың, сонымен қоса, ғылыми додалардың жеңімпаздары, өнер мен білімді қатар алып жүрген дарынды жастар. Қатарластарынан оза шауып, халықаралық деңгейде облыс мәртебесін асқақтатып, ел мерейін үстем етіп жүргендері Қостанай қаласы әкімінің Алғыс хатары мен «Үміт» кубогымен марапатталды.

Шараға арнайы қатысқан қала әкімі Қайрат Ахметов жаңа жылдың қарсаңында ел келешегі – жас ұрпаққа зор сенімін білдіріп, игі тілегін де жеткізді.

– Ең алдымен сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Осы күндері өтіп бара жатқан жылдың нәтижесін шығарып, болашаққа жоспар құру жақсы әдетке айналған. Биылғы жылы жетістіктеріміз бар деп нақты сеніммен айта аламын. Өйткені, қаламыздың оқушылары жоғары деңгейдегі ғылыми шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанған-тын. Осы орайда, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанған балалардың дәстүрлі түрде өтетін көшбасшылар форумында бас қосып отырғандығына қуаныштымын. Жаңа жыл барлық тілектер орындалатын ғажайып уақыт. Армандарымыз орындалып, алда жаңа жетістіктер мен табыстарға жетулеріңізге тілектеспін, – деп, қала мектептерінің мақтан тұтар бірқатар оқушыларын ерекше атап өтті.

Әсем көйлек киінген сұлу қыздар және сымбатты жігіттер бас қосқан шарада оларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында әр түрлі шоу бағдарламалары ұйымдастырылды. Арнайы үйретілген «Пудельдер» ортаға шығып цирктік қойылым көрсетсе, жеңіл атлетика өнерпаздары түрлі трюктермен жиналғандарды таңдай қақтырды. Артынша жаңа жылда «армандарды орындайтын» сабын көпіршіктерінің шоуы да оқушыларды ерекше әсерге бөледі. Шамиль Фахрутдиновтың жетекшілігіндегі «Караван» би ансамблі мен қалалық балалар шығармашылығы мектебінің тәрбиеленушілері де өнерлерін ортаға салып, кеш атмосферасын қыздырды.

Мерекелік кештің көңілдерді серпілткен бағдарламасы аяқталған соң, қала мектептерінен жиналған барлық дарынды жастар арнайы жайылған фуршет дастарханынан дәм татып, осындай мерекені ұйымдастырушыларға алғыстары мен жылы лебіздерін білдіріп жатты.
P/s: Меркелік кеш жайлы толығырақ ақпарат газеттің алдағы нөмірінде.

Жамал ШАУКЕН,
суреттерді түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.