Тамыз кеңесін ұстаздар асыға күтеді. Неге десеңіз, бұл жиын жаңа оқу жылының бағыт-бағдарын айқындап қана қоймай, әріптестердің ізденістері мен озық тәжірибелеріне куә болып, білім саласының заманға сай үнемі даму үстінде екенін сезінуге мүмкіндік береді.
Білім мен тәрбие ордаларының педагогтері қатысушыларға ізденістері мен шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Көрмеде алғашқылардың бірі болып көпшілік назарын аударған №22 жалпы білім беретін мектептің интерактивті сабақ картасы. Информатика пәнінің мұғалімдері Сауат Баекенов, Төрехан Орынбаев және математика пәнінің мұғалімі Ринат Төребаев әзірлеген бұл құралда жасанды интеллектті сабақтың әр кезеңінде тиімді пайдаланудың нақты жолдары көрсетілген. Оқушыны сабаққа психологиялық тұрғыда дайындаудан бастап, өткен материалды еске түсіру, сыныпты топтарға бөлу, жаңа тақырыпты меңгеру және ЖИ-дің көмегімен білімді бекітуге дейінгі кезеңдер қамтылған.
– Өткен оқу жылында жасанды интеллектті сабақ барысына біртіндеп енгізуді бастап кеттік. Биыл осы бағыттағы жұмысты тереңдетіп, ЖИ мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануды жоспарлап отырмыз, – дейді Сауат Ерланұлы. – Көрмеге интерактивті сабақ картасынан бөлек әріптестеріміздің 2025-2026 оқу жылында арнайы шығармашылық топ аясында дайындаған оқу материалдарын әкелдік. Мысалы, 7-сыныпқа арналған «Python бойынша есептер жинағы» сынды материалдар бар. Бұны – ұстаздардың күнделікті жұмысын жеңілдетуге ықпал ететін көмекші құралдар десек болады. Осындағы материалдар Google Drive-та бар, қатысушылардың арасынан жұмыстар біреуді қызықтырса, жүктеп алып, сабақтарында қолдана алады.
Заман ағымына сай жасанды интеллектті сабақта тиімді пайдалану – бүгінгі педагогтердің басты трендіне айналғаны көрмеден анық байқалды. Мысалы, №3 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғалия Нұрғалиева мен №30 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлдан Уразбаева бұл бағыттағы жұмысты тәжірибеге әлдеқашан енгізіп, әріптестерімен бөлісіп келеді. Олар арнайы ЖИ құралдарының көмегімен оқу үдерісіне қажетті бейнематериалдар әзірлеп, сабақ мазмұнын білім алушыға түсінікті және қызықты етіп ұсынудың жаңа жолдарын меңгерген.
Көрмеге ұстаздар еліміздің әр өңірінің танымал тұлғаларына арналған интерактивті картаны алып келген. Жобаны әзірлеу барысында бірнеше цифрлық бағдарлама қолданылған. Алдымен Gemini және ChatGPT көмегімен картаның макеті жасалып, кейін 17 облыстың әрқайсысынан белгілі бір танымал тұлға таңдалып, олар туралы шағын бейнероликтер әзірленген. Мәселен, Қостанай облысынан Ахмет Байтұрсынұлы, Абай облысынан Абай Құнанбайұлы енгізілген. Ең қызығы – дайын бейнематериалдарды картаның өңірге тиісті бөлігіне қойылған QR-код арқылы сканерлеп, тамашалауға болады. Осылайша география, тарих, әдебиет және цифрлық технология бір жобаның бойында тоғысқан.
– Балаға ақпаратты дайын күйінде ұсынудан гөрі, оны іздеуге, қызығушылықпен танысуға мүмкіндік берген әлдеқайда тиімді. Бұл карта арқылы оқушы әр облыстың танымал тұлғаларын танып қана қоймай, ел тарихы мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыра алады, – дейді Гүлдан Жеңісқызы. Озық тәжірибелердің кеңінен таралуына қалалық әдістемелік қызметтің де ықпалы зор екені белгілі. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлшат Самбулатованың айтуынша, өткен оқу жылында осы екі мектепте де ЖИ-ді сабақта пайдалану жолдары бойынша семинарлар ұйымдастырылған. Осылайша игілікті бастама әріптестер арасында кеңінен таралып, тәжірибе алмасу үрдісі жүйелі түрде жалғасуда.
Табиғатқа деген қамқорлық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары мектеп табалдырығынан емес, мектепке дейінгі жастан бастау алуы тиіс. Сөзімізге көрмеде көпшілік назарына №54 балабақшадан Айжан Алимбаева, №7 балабақшадан Дина Коморова мен Гульшат Тортаева және №14 балабақшадан Ольга Печоркина сәтті паш еткен «Эколята-дошколята» жобасы дәлел.
Ал мектептер арасында №19 жалпы білім беретін мектептің атқарып жатқан жұмысы сүйсіндірмей қоймайды. Мұндағы ұжым экологиялық тәрбиені күнделікті білім беру үдерісінің айнымас бөлшегіне айналдырған.
Аталмыш білім ордасында ұсақ және ірі макулатура, пластик қақпақтар мен пайдаланылған батареяларды жинау үшін арнайы контейнерлер қойылған. Жақында қақпақ жинау науқанында облыс бойынша озып шығып, мектеп ауласын абаттандыруға арналған сертификатқа ие болған. Экологиялық бастамалар мұнымен шектелмейді. Мысалы, жақында ғана мектепте пайда болған велошредер жиналғандарды қызықтырмай қоймады. Анығын білу үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алла Гошовскаяны сөзге тарттық.
– «Таза Қазақстан» жобасы аясында мектебіміз «Neco» экологиялық клубымен тығыз жұмыс істейді. Биылғы маусым айында мектебімізге қаладағы алғашқы велошредер сыйға тартылды. Оның жұмыс істеу принципі өте қарапайым: оқушы велосипед басқышын айналдыру арқылы пластик қалдықтарын ұсақтап майдалайды да, қайта өңдеу ісіне өз үлесін қосады. Артынша сол майдаланған пластиктер балқытылып, арнайы жіп дайындалады. Велошредермен бірге келген 3D принтердің көмегімен балалар сол жіптен әртүрлі экологиялық өнімдерді басып шығара алады. Яғни, бұл бастама оқушыларды саламатты өмір салтына баулып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға және қалдықты қайта өңдеуге үйретеді, – деп бөлісті Алла Любомировна.
Іс-шарада №18 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Жанылдык Кадырбаева мен №31 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Эльмира Каршалова және қалалық білім бөлімінің әдіскері Бибигуль Муканова «Заманауи сабақ лабораториясы: «Адал Азамат» тәрбиелейміз» атты көрмесін таныстырды.
Ал М.Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектептің педагогтері Адина Мукенова, Ирина Муляк, Балжан Асанова дайындаған 4-сыныпқа арналған ағылшын тілінен «Play & Learn» интерактивті грамматикалық ойындар банкі де көпті қызықтырды. Жұртшылықтың ықыласына бөленген осынау бастамалар білім саланың жаңашыл бағытын айқын көрсетті.
Биылғы тамыз кеңесі барысында айтылған ойлардың басты түйінін шығарар болсақ, алқалы жиынның негізгі идеясы мынадай: «Жасанды интеллект ұстазды алмастыра алмайды. Дегенмен ЖИ-ді қолданатын ұстаз бен оны қолданбайтын ұстазды салыстырар болсақ, біріншісі басым түсері анық».
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор
Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.