Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Қаламыздың жас көшбасшылар шыршасы

Выпуск - №49(597)   :   29.12.2023
885

Қостанай қаласында биыл жаңадан бой көтерген IQOSTANAY оқушылар сарайында «Көшбасшылар шыршасы» өтті. Мерекеге сай безендірілген ғимараттың кіреберісінен өтіп, жаңа жылдық әуендер ойнап жатқан акт залына кірдік.

Қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін түстер арқылы топтарға бөлініп, арнайы ұйымдастырылған квесттен өткен қостанайлық үздік 100 оқушыға акт залында мерекелік концерт ұсынылды. Сахна төрінде қалалық балалар шығармашылығы мектебінің вокалдық студиясы тамылжыта ән салып, «Алтынай» би ансамблі, «Индиго» хореографиялық студиясы өнер көрсетті.

«Қазақстанның кең байтақ жері табиғи байлығымен және адами тұлғаларымен танымал. Ұлы даламыздың біртуар азаматтары – Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсыновтың есімдері қазақ тарихында алтын әріптермен жазылған. Ал жаңа Қазақстанның тарихын талантты, өршіл, өзіне сенімді ұлдар мен қыздар – мына сіздер жазасыздар», – деп кеш жүргізушілері айтқандай, білім мен ғылым, спорт бағытында облыс, республика, тіпті, халықаралық деңгейде үздік атанған жастарға расында сенім зор.

Мерекелік концерттен соң қаламыздың үздік жастары коворкинг аймағына орналасып, Жаңа жылдың басты қонақтары – Аяз ата мен ақшақарды қарсы алып, сыйлықтарға ие болды. Оларға қала әкімі Марат Жүндібаевтың атынан орынбасары Мажит Шуленов тәтті сыйлықтар мен ашық хаттар салынған рюкзактар табыстады.

Жалпы, өтіп бара жатқан 2023 жылы қала зияткерлерінің есебінде 45-ке жуық марапат бар, оның 35-і – республикалық болса, 10-ы – халықаралық деңгейде. Республикалық ғылыми жобалар байқауларының қорытындысы бойынша облыстық жүлде қоры 14 марапатты құрайды, соның 43 пайызы – қала оқушыларының үлесінде. Ал, республикалық олимпиадада облысымыз 33 марапатқа ие болса, оның 22%-ы қалалық оқушыларға тиесілі. Инженерия және жобалау бойынша халықаралық ғылыми байқауларда 10 оқушы жүлделі орындарға ие болғанын да айта кеткен жөн.

Биыл өзін жақсы жағынан танытқан зияткерлердің арасында Физика-математика лицейінің оқушылары – Алан Рахметов, Егор Гаус, Камила Жангельдинова, сондай-ақ М.Горький атындағы гимназияның оқушылары – Анита Тен мен Алина Блохина, С.Мәуленов атындағы гимназиядан – Жұлдыз Абдильдина және №2 мектеп-лицейден Радмила Шихованы ерекше атап өтуге болады.

– Бұл шыршаға келу – мен үшін үлкен мүмкіндік. Өткен 2022-2023 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадаға қатысып, 3-орынды иелендім. Қала әкімінің қолынан марапатталдым. Оқуда озатпын. Жетістіктерім еленіп, көшбасшылар шыршасына келгеніме өте қуаныштымын. «Жаңа жыл – жаңа табыс» дейді ғой, келер жылға жаңа жоспарларым бар, соның бірі – армандаған оқу орныма түсемін деген ойдамын. Менің түсінігімде, жаңа жыл – өмірдің жаңа парағы сияқты. Алдағы жыл жағымды жаңалықтарға толы болып, баршамызға бақыт, табыс, жаңа өмір әкелсін, – дейді Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Жұлдыз Абдильдина.

Аруна Абаева  мен Жұлдыз Абдильдина

Көшбасшылар шыршасына қатысқан аталмыш гимназияның 10-сынып оқушысы Аруна Абаева 5-сыныптан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға дайындалып, нәтижесінде қалалық және облыстық деңгейдегі олимпиадалардан 1-орын иегері атанып келеді. Сонымен қатар «Edustream» республикалық байқауына қатысып, «Заманауи оқушы» номинациясының да иегері атанған. Арунаның тілегімен сөзімізді қорытындыласақ:

– Мереке қарсаңызда барша қазақстандықтарға зор денсаулық, ашық аспан тілеймін. Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқаныма ризамын. Алдағы 2024 жыл барлығымыз үшін табысты, береке мен мерекеге толы жыл болғай.

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген
Василий ВАСИЛЬЕВ

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.