Тағы бір судай жаңа мектептің құрылысы аяқталып, күні кеше ғана жаңа оқу жылында «инемен құдық қазғандай» оқуға ниет еткен оқушыларға есігін айқара ашты. Бұл – Қарасу ауданындағы алғашқы қазақ мектебі. Жалпы 320 оқушыға қарастырылған.
Осынау жаңалықты қарасулықтар көп күтті. Мектеп ғимаратының қабырғасы жаңадан көтерілген. Екі қабатты. Заманауи үлгіде жасалған. Бірінші қабатының сол жағында асхана, спорт зал, ұлдарға арналған технология кабинеті, ал кіреберістің оң жағында кітапхана, бастауыш сыныптары және мектепалды даярлық тобының «оқу бөлмесі», «жатын бөлмесі» орналасқан. Екінші қабатта мектеп әкімшілік кабинеттері, 12 пәндік кабинет және «Акт залы» бар. Жалпы жаңа оқу жылына сақадай сай. Білім ордасының материалдық-техникалық базасы бар, сондай-ақ оқу бөлмелері де түгелдей дерлік қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Білім күнінде өткен мектептің ашылу салтанатына Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова арнайы қатысып, қарасулықтардың қуанышына ортақтасып, жаңа оқу жылына деген ізгі лебізі мен құттықтау тілектерін жеткізді.
– Бүгінде мектепалды даярлық тобын қоса есептегенде мектебімізге 100-ге жуық оқушы қабылданды. Мектепалды даярлық тобының өзінде 18 тәрбиеленуші бар. Солардың ішінде, өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытты. Мысал ретінде Каролина Базалевская мен Кирилл Чункевскийді келтіруге болады, – дейді мектеп директоры Айгүл Арғынғазина. Мемлекеттік тілді білу – негізгі міндеттің бірі, заманның талабы екендігін айтқан Айгүл Танатқызы оқушысын мақтана мысалға келтірді: «Бұндай ұстанымды ұстап жүрген – 10-сынып оқушысы Ракко Ксения. Ксения 1-сыныпта қазақ мектебінің табалдырығын аттаған болатын. Содан бері үздік оқушылардың қатарында. Үнемі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін түрлі сайыстарға, мәнерлеп оқу сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болуда».
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдана Бөлтірікованың мәліметінше, биыл 1-сыныпқа 15 оқушы қабылданыпты. Мектептің атауы «негізгі орта мектептен» «жалпы білім беретін мектепке» өзгертіліп, 10-11 сынып енді ғана ашылды. Осы уақытқа дейін орта мектептің құрамында болғандықтан, қазақ сыныптарының 10-11 сынып оқуға мүмкіндіктері жоқ болатын. Енді, міне, жаңа мектептің ашылуымен жағымды жаңалық та келіп жетті. Мектеп оқушылары қалауы бойынша, 9-сыныптан кейін ары қарай да екі жыл бойы мемлекеттік тілде білімін жалғастыру мүмкіндігіне ие болып отыр.
Қазіргі уақытта 11-сынып жоқ екен, ал 10-сыныпқа әзірге 6 оқушы қабылданған. Ұйымшыл педагогтер ұжымы болашақта оқушылардың саны көбейе түседі деген үмітте. Және бұл жолда жұмылып, әдеттегідей тынбай жұмыс істеуге де дайын. Осы тұста ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Мұғалім – мектептің жүрегі», – деген сөзі еріксіз еске оралады. Тәлім мен тәрбие беру жолында олардың еңбегі өлшеусіз екені рас. Жаңа оқу жылынжа жұмысын жаңа мектепте 27 мұғалім бастамақ. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстаннан келіп, бағдарламамен жұмыс істеп жатқан мұғалімдер де аз емес. Қатарында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кенжебаев Бекжан Амиркулович, бастауыш сынып мұғалімі Суиндикова Назикул Муратовна, жас маман әрі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрбан Фарида Дүйсебайқызы бар.
Биыл жаңа мектептің табалдырығын аттап жатқан мұғалімдер мен оқушылар осы уақытқа дейін талай республикалық байқауларға, қалалық, облыстық, аудандық сайыстарға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келе жатқандығын да атап өтпеске болмас. Біліммен бірге өнерді де бірге алып жүрген мақтан тұтар оқушылары да аз емес. Олар түрлі шығармашылық байқауларға қатысып, білім ордасының мерейін асырып келеді. Өз сөзінде мектеп басшылығы Қостанай облыстық чемпионатында «Спорт – денсаулық кепілі» деген ұранды ұстанып, бас жүлдеге ие болған 7-сынып оқушысы Рүстем Кошековты мақтанышпен атап өтті.
Мектептің кітапханасында қарама-қарсы қабырғада «ОҚЫ» деген ерекше жазуымен жазылған сөрелер дайындалды. Бұл сөрелер «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» республикалық науқаны негізінде әзірленіпті. Әр әріптің ішіне белгілі бағыттағы оқулықтар, анықтамалар немесе балалар әдебиетіне арналған кітаптар қойылады. Сондай-ақ бұл сөрелер арқылы «Букроссинг – өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген адам мен кітапты жақындастыратын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі ұйымдастырылмақ. Қолға алынбақ жаңа бастамалар жетерлік. Енді оларды жүзеге асыру жолында мектеп ұжымы оқушылармен бірлесіп, әрекетке көшетіні анық. Жақсы жаңалығымен басталған жаңа оқу жылы жағымды жаңалықтармен жалғасын таба берсін деп тілейміз.
Жамал ШАУКЕН,
суреттерді түсірген
Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.