Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында маусымның 24-26 аралығында Қостанай қаласында Қарасу ауданы мектептерінің 8–10-сыныптарының 40 оқушысына арналған үш күндік «SUMMER IT BOOTCAMP» білім беру лагері өткізілуде.
Оқушылар үшін өте пайдалы ақпараттарға толы IT-лагерь «Jarqin Alem» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қарасу ауданы білім бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында және Qostanai Hub қолдауымен жүзеге асырылуда. Заманауи технологиялар мен жаңашылдықтарға қызығушылығы жоғары қарасулық жастар осы үш күн бойы цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және жобалық қызмет бағыттары бойынша аса құнды білім алмақ. Бағдарлама аясында жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, оны тәжірибеде қолдану жолдарын меңгереді. ChatGPT, Gemini және өзге де заманауи AI құралдарымен жұмыс істеп, промпт-инжиниринг негіздерімен қатар нейрожелілердің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың қырлары мен сырларына қанығады.
ъ
– Балалар IT-құзыреттер бойынша білім алады. Ең алдымен жасанды интеллекттің не екенін, оның қалай жұмыс істейтінін және бүгінгі таңда қай салаларда қолданылатынын меңгереді. Сол арқылы түрлі презентациялар әзірлеуді, бейнежазбалар, суреттер мен музыкалық контент жасауды үйренеді. Артынша біз оларды стартап құрудың негіздеріне баулимыз. Бұл – біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі. Оқыту аясында қатысушылар өздерінің жобалық идеяларын әзірлейді. Презентация дайындап, бизнес-модель мен қаржылық модельді есептеуді, мақсатты аудиторияны анықтауды және жобаны әрмен қарай дамыту жолдарын қарастырады. Ал үшінші күні оқушылар жобаларын қорғауға мүмкіндік алады. Өйткені стартап дегеніміз – тек Калифорниядағы Кремний алқабында ғана болатын дүние емес. Ол біздің ортамызда да бар. Қазірдің өзінде өз стартаптарын құрып, табыс тауып жүрген нақты мысалдар жеткілікті. Сондықтан балалармен бар біліміміз бен тәжірибемізді бөлісіп, оларға бұл жолда барынша қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді Qostanai Hub өңірлік менеджері, «IT SUMMER CAMP» лагерінің ұйымдастырушысы Эрик Бусыгин.
Жобаның тағы бір айрықша тұсы – кәсіби бағдар беру бағытының қамтылуы. Қатысушылар Қостанай қаласының жетекші білім беру және инновациялық алаңдарына, атап өтер болсақ, Smart-орталық, IQostanay IT-кеңістігі, ҚИнЭУ-дің ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасы, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің ақпараттық жүйелер кафедрасына танымдық экскурсиялар жасап, саланың бүгінгі тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысады. Осылайша білім мен тәжірибені ұштастырған жазғы лагерь қарасулық жастар үшін жаңа идеялардың алаңына, тың мүмкіндіктердің бастауына айналары сөзсіз.
IT-лагерь ұйымдастырушыларының бірі, топ жетекшісі Бақсұлтан Жақсыбектің айтуынша, бұл іс-шара балалардың ауызбіршілігін нығайтып, IT саласына қызығушылығын одан сайын арттыруға негізделген. Әрине, лагерь бағдарламасы білім алумен шектелмейді, мазмұнды мәдени-танымдық іс-шаралар да қарастырылған. Бағдарлама аясында түрлі тимбилдингтер мен командалық ойындар, интеллектуалдық квесттер, Open Air форматындағы кешкі кездесулер ұйымдастырылмақ. Бұндай бейресми қарым-қатынас пен нетворкинг алаңдары жасөспірімдердің жаңа ортаға бейімделуіне, өзара тәжірибе алмасуына, болашақта пайдалы байланыстар қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Эффективное взаимодействие педагогов и родителей
История первого детского сада Лисаковска
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.