«Қарымды қаламгер, ардақты азамат»

Выпуск - №1-2(549-550)   :   19.01.2023
415

Абай атындағы ЖББ мектептің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ақын, жазушы, драматург, журналист Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен мақала тақырыбымен аттас шығармашылық кеш өтті.

Ақылбек Шаяхмет – филология ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, 1983 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі. Осы уақыттан бері ақынның еңбектері өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленіп келеді. Алғашқы өлеңдер кітабы 1977 жылы жарық көрді. Бірнеше кітаптың, соның ішінде кеңінен танымал «Пирамида», «Менің орбитам», «Жер-бесік» кітаптарының авторы. Жақында ғана ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында жазушының «Ұлт ұйтқысы Ахмет» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кеш қонағы драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп келеді. Айтыскер ақын Ақсұлу Орысбайқызына арналған «Ақсұлу» драмалық поэмасы «Қазақ» радиосының алтын қорына қабылданған. Сондай-ақ драматург қаламынан Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке» пьесасы және «Таза бұлақ», «Ормандағы өрт» пьесалары шыққан. Оның қаламына Наурыз мерекесіне арналған пьесалар жатады. Автор мектепке дейінгі жас балалар үшін жеті кітап басып шығарды. Олардан кейбір шығармалары оқулықтарға енген. Ақын Расул Ғамзатов, Якуб Колас, Иван Драч, Арсентий Тарковский, Солтүстік Кавказ ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Жазушы, қоғам қайраткері Елдес Омарұлының өмірі туралы деректі повесть жазса, Шоқан Уәлихановтың нақты туған жерін анықтау бойынша зерттеу жүргізді. Санамалап айтар болсақ, жазушының өлкетану саласында атқарған еңбектері ұшан-теңіз. Аталған екі автордың да есімдері ел тарихында ойып тұрып орын алатын ерекше тұлғалар. Елдес Омарұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, елге танытқан Ақылбек Қожаұлы болатын. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысқан тағылымды кеш барысында есімі елеусіз қалған Алаш арысының 125 жылдық мерейтойына орай басылып шыққан «Елдес Омарұлы» кітабына шолу жасалды.

Мәнді әрі мағыналы әңгімесі барысында Ақылбек Қожаұлы өзінің шығармашылық жолымен қатар Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Қадыр Мырза Әли, Мұхтар Шаханов, т.б. әдебиет майталмандарының еңбектері туралы айтып берді. 4 «Ә», 9 «Ә» сынып оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Кеш соңында педагогтер ақынға алғыс айтып, оның «Пирамида» кітабын жұмыстарында белсенді қолданып жүргендерін атап өтті.

Білім саласы – бүгінгінің басты тақырыбы. Қытай ойшылы Конфуции: «Он бесімде оқуға пейіл еттім, отызымда кәмелетке жеттім, қырықта күмән-тұманнан арылдым, елуде аспанның әмірін таныдым, алпыста құлағым ашылды, жетпісте жүректің қалауын таптым, бар ісім байыпқа түсті», – деген екен. Автор тындырғаннан тындырмағаным көп деп кездесуді қорытындылай келе, жазары мен айтары әлі де көп екенін айтты. Алтын қалам иесінің әлі де жазары көп екенін біз де түйсігімізбен сездік.


Айгүл МИНАСОВА,
Абай атындағы ЖББМ
кітапхана меңгерушісі,
Қостанай қаласы
 

 

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.