Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
24/08/26 Понедельник

Кәсіподақ ұйымының жемісті жұмысы

Выпуск - №49(646)   :   13.12.2024
581

image

Лисаков қаласындағы Абай атындағы ЖББМ кәсіподақ ұйымы өз қызметін еңбек құқықтарын қорғаудан бастап, ұжымдағы әлеуметтік атмосфераны жақсартуға дейінгі маңызды мәселелермен қамтып отыр.

Бұл жұмысты бес жылдан бері кәсіподақ комитетінің жетекшісі Бағжан Құрметбек табысты атқарып келеді. Оның жетекшілігімен ұжымда еңбек ететін әр қызметкердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың әлеуметтік және материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету басты назарда. Бағжан Құрметбек әр қызметкердің кәсіби қызметіне ғана емес, демалысына да қамқорлық танытады. Көпбалалы ана, еңбек жолын адал атқарып жүрген жетекші жауапкершілік пен жанашырлықты қатар алып жүр.
Ұжым мүшелері кәсіподақ тарапынан материалдық және моральдық қолдауды да сезінеді. Бүгінде мектеп ұжымында 62 адам болса, оның 43-і – кәсіподақ мүшелері. Бағжан қызметке келгенде кәсіподақ ұйымында 19 адам ғана болған еді. Бұл көрсеткіш ұйымның өсіп, дамып келе жатқанын айғақтайды. Мұғалімдер мен кіші қызметкерлер кәсіподаққа сенім артып, оны өздерінің қорғаны санайды.
Кәсіподақ ұйымының жұмысы тек құқықтарды қорғаумен ғана шектелмейді. Оның басты бағыттарының бірі – қызметкерлер мен олардың балаларының денсаулығын нығайту. Мектепте арнайы кәсіподақ бұрышы ұйымдастырылып, онда демалыс орындары туралы ақпараттар мен бағалар орналастырылған. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелеріне емделуге қажетті қаржы бөлу қарастырылған. Оларды кәсіби және күнтізбелік мерекелерімен, мерейтойларымен, сәбидің дүниеге келуімен құттықтау – кәсіподақ ұйымының жақсы дәстүріне айналған. Сондай күндерде кез келген адамға жылы сөз, материалдық қолдау бар. Мерейтойлық даталарда қызметкерлерге кәсіподақ қорынан сыйлықақылар беріледі.
Кәсіподақтың мәдени жұмысы да ерекше орын алады. Ұжымның сергек болуы үшін түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады. Мектеп кәсіподақ ұйымының мүшелері қалалық кәсіподақ ұйымының жарыстарына белсене қатысып, туристік слеттерге үнемі атсалысып келеді. Биыл олар қалалық туристік слетте бірінші орынды жеңіп алуды мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, мектепте дәстүрлі «Ұстаздар күні», «Жаңа жыл», «8 Наурыз», «Наурыз», «Отан қорғаушылар күні», «Қарттар күні» мен «Тәуелсіздік күні» сынды мерекелер ұйымдастырылып, ұжым мүшелері мерейлі күндері құрметке бөленеді.
Бағжан Құрметбектің өзі атап өткендей, кәсіподақ ұйымының жұмысында әлі де атқарылатын міндеттер көп. Ол ұйым мүшелерінің белсенділігін арттыру, бұқаралық мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осы бағытта ұйым мүшелерін ынталандырып, кәсіподақ жұмысын жаңарту қажеттігін айтады. Әрбір кәсіподақ мүшесі үздіксіз дамып, ұйымның жұмысын жаңарту мен жетілдіру ісіне жауапкершілікпен қарауы керек.
Ұйымның әрбір мүшесі біртұтас, үздіксіз дамып келе жатқан кәсіподақ ең маңызды міндетті шешуге – мұғалім мен мектеп қызметкері мамандығын беделді етуге қабілетті екенін қазірдің өзінде түсінеді. Мен кәсіподақ комитетінің мүшесі ретінде оны қолдаймын және кәсіподақ комитеті аталған мәселелер бойынша жұмыс істеуі керек деп есептеймін, ұйымның мектеп өміріндегі рөлі туралы өз ойымды белсендірек көрсетуге тырысамын. Бұл жұмыстағы негізгі бағыттар: мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, заңдылықты сақтау, жеке және жалпы ұжым жұмысының нәтижесіне жауапкершілікті арттыру.

Сабира ШАЯХМЕТОВА,
Абай атындағы ЖББ
мектептің кәсіподақ
ұйымының мүшесі,
Лисаков қаласы

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!