«Қазақстан – жаңа әлемде»

Выпуск - №21(518)   :   01.06.2022
777

Осындай тақырыпта Балалар жылы аясында «Қостанай Дарыны» РҒПО ұйымдастыруымен облыстық шығармашылық байқау өтті. Ол жалпы төрт номинация бойынша жүргізілді: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер. 

Байқау оқушылардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер саласындағы дарынды оқушыларды анықтау. Оқушылар Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына орай жазушының шығармалары бойынша, «Планета – біздің игілігіміз», М.Мәметованың 100 жылдығына орай «Естелік жолдары бойынша» тақырыптарында жұмыстарын ұсынды. Байқауға облыстың 6 өңірінен 29 оқушы, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты және Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қатысты.

Жалпы 14 оқушы жүлдегер атанды. Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері осы байқауға белсенді қатысып, 5 үздік жұмысты ұсынды. Нәтижесінде мүсін номинациясында екінші орынға Ақарыс Талғатұлы ие болып, ол пластилиннен, қақтамадан (фольга) және басқа да материалдардан Мәншүк Мәметованың мүсінін жасап, ұсынды. Сәндік-қолданбалы өнер номинациясында екінші орын иегері Алиса Коростелева Жер глобусының макетін жасап, онда бүкіл әлемнің экологиялық проблемасын көрсетті.

Дәл осы аталымда екінші орынды қанжығалаған Арайлым Қабден Ғ.Мүсіреповтың шығармасынан сұлу әйел бейнесін көрсетті. Ал кескіндеме номинациясында үшінші орынды иеленген Артем Молоканов суретте бар әлемнің экологиялық проблемасын көрсетуге тырысып бақты. Сондай-ақ графика номинациясында үшінші тұғырға тұрақтаған Замира Сәбитбек Ғ.Мүсіреповтың шығармасының тақырыбына сай графика стилінде сурет салды. Барлық жұмыстар қызықты, танымдық сипатқа ие болып қана қоймай, тақырыпқа сай болды.


Назым БАТЫРБАЕВА,
Балалар шығармашылық
үйінің директоры,
Федоров ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.