Рудный қаласында 900 орынға шақталған жаңа №8 жалпы білім беретін мектеп өз жұмысын бастады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген білім ордасында оқушының жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
«Келешек мектеп» идеясы бұл жерде баланың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуден бастау алады. Кең әрі жарық сыныптары, демалыс аймақтары мен заманауи оқу құралдары бар жаңа мектеп оқушы мен ұстаздың өзін еркін сезінуіне мүмкіндік береді.
– Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде өңірдің қалалары мен аудандарында 4500 орындық алты білім ордасы пайдалануға берілді. Біздің өңіріміз ел Президентінің тапсырмасын орындады. Ендігі мақсат – осы мектептің әлеуетін тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру және ел дамуына үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу. Жаңа мектеп құтты болсын! Баршаңызға сәттілік, мектеп ұжымына жемісті еңбек пен толағай табыстар тілеймін!, – деді білім ордасының ашылуында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
Жобаның жалпы құны 6,1 млрд теңгеден асады. Заманауи талаптарға сай салынған мектеп ғимараты оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына, демалуына және денсаулығын сақтауға бағытталған біртұтас білім кеңістігі ретінде жобаланған. Кең әрі жарық сыныптар, интерактивті тақталар, заманауи компьютерлік техникамен жабдықталған оқу кабинеттері сапалы білім алуға толық мүмкіндік береді. Ал бастауыш, негізгі және жоғары сынып оқушылары үшін жеке блоктардың қарастырылуы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға жол ашқан. Мектеп STEM, робототехника, информатика, химия, физика және биология бағытындағы пәндік кабинеттермен қамтылған. Химия кабинеті биотехнология элементтерімен, физика кабинеті нанотехнология бағытындағы жабдықтармен біріктірілген. Робототехника кабинеті интерактивті панельдермен, заманауи жұмыс үстелдерімен және сақтау жүйелерімен қамтылған. Ал кітапхана-медиатека, коворкинг аймақтары мен оқу залдары оқушылардың өзіндік ізденісіне қолайлы жағдай туғызады.
– Бүгінде мектепте 356 оқушы білім алып, 18 сынып жинақталған. Бұл – алғашқы кезең. Алдағы оқу жылында білім ордасы толық жобалық қуаттылығына шығады. Сыныптар бастауыш, негізгі және жоғары буын бойынша жүйелі түрде жасақталып, оқушылардың жас ерекшелігі мен білім деңгейі ескерілген. Жаңа мектепте 62 жұмыс орны ашылды. Оның 34-і – педагогтер. Ұстаздар құрамы ашық конкурс негізінде іріктеліп, кәсіби біліктілігі жоғары, жаңашылдыққа бейім мұғалімдерден жасақталған. Мұнда тәжірибелі ұстаздар мен жас, креативті педагогтердің үйлесімі сақталған, – дейді мектеп директоры Қымбат Бірманова.
Еңбекке баулу кабинеттері де ерекше назар аудартады. Ұлдарға арналған «Үй мәдениеті» әмбебап шеберханасы ағаш және металл өңдеуге арналған заманауи станоктар мен құралдармен толықтай жабдықталса, қыздарға арналған «Дизайн және технология» шеберханасында электр жетекті тігін машиналары, оверлок, кесте тігетін жабдықтар, қолмен тоқу станоктары орнатылған. Ал «Тамақтану мәдениеті» аспаздық кабинеті электр плиталары, тоңазытқыштар мен тұрмыстық техникамен қамтамасыз етілген. «Бейнелеу өнері» кабинеті графика және жобалау бағыттарымен ұштастырылған.
Мектептің әскери-патриоттық бағыты да ескеріліп, білім алушылардың дене шынықтыруы мен шығармашылық дамуына арналған нысандар да заманауи деңгейде жабдықталған. АӘД кабинеті макеттерді сақтауға арналған бөлмемен қамтылып, әскери-техникалық құралдар мен оқу-жаттығу жабдықтары орнатылған. Үш спорт залы баскетбол және волейбол алаңдарымен, гимнастикалық құралдармен қатар үстел теннисіне арналған үстелдермен қамтамасыз етілген. Хореография залы би станоктарымен, гимнастикалық қабырғамен, музыкалық орталықпен, цифрлық пианиномен жабдықталған. Ал 209 орындық акт залы сахнасымен, проекциялық және дыбыс жүйелерімен толықтырылған. Бұның бәрі мектеп өмірін мазмұнды әрі қызықты ететін маңызды кеңістіктер.
Кітапханада 16 орындық оқу залы мен 10 орынға арналған медиатека жұмыс істейді, жабық кітап сақтау қоры 17 мың данаға есептелген. 255 орындық асхана барлық санитарлық талаптарға сай жабдықталып, өндірістік цехтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ мектепте медициналық және әкімшілік бөлмелер – дәрігер және емшара кабинеттері, изолятор, психолог, логопед, әлеуметтік педагог кабинеттері қарастырылған. Демалыс аймақтарында жеке шкафтар, коворкинг зоналары, ауыз су фонтанчиктері орнатылған. Мектеп аумағында ойын алаңдары, үстел шахматы аймақтары, футбол алаңдары, хоккей корты мен жеңіл атлетикаға арналған жүгіру жолдары бар.
Әрине, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы басты назарда. Бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі жүйелері, турникеттер мен қолжетімді орта талаптары толық сақталған. Заманауи үлгіде бой көтерген мектептің директоры Қымбат Исламбекқызының айтуынша, оқу үдерісінде сапалы білім мен тәрбие бірлігіне, функционалдық сауаттылыққа, ұлттық құндылықтар мен заманауи білімді ұштастыруға басымдық беріледі. Сондай-ақ мектеп Қостанай облысы бойынша Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының өңірлік үйлестірушісі қызметін атқарып, осы салада халықаралық тәжірибе алмасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
Жамал ШАУКЕН
Келешек мектепте Ыбырай қоңырауы сыңғырлады
Увлекательное развитие речи
Есть только одно средство стать культурным человеком – чтение
Место, где рождаются мечты и раскрываются таланты
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.
Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.