Жазғы демалыс маусымының басталуымен бірге өңірдегі «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Keleshek Camp Fest-2026» облыстық жазғы көшбасшылар фестивалі өтті.
Қостанай ауданындағы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінің ұйытқы болуымен өткізілген ауқымды іс-шара өңірдің білім саласындағы елеулі оқиғаға айналды. Бұл фестиваль «Келешек мектептері» арасында бірыңғай білім беру және тәрбие кеңістігін қалыптастырып, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, сонымен қатар мектептер арасындағы достық пен ынтымақтастықтың алтын көпірін орнату мақсатын көздеді.
– №1 Заречный жалпы білім беретін мектебі облыста Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» республикалық жобасы аясында алғашқылардың бірі болып 2024 жылдың қараша айында ашылды. Аталған мектептер материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді. Мұнда заманауи смарт-кабинеттер, робототехника сыныптары, физика, химия және нанотехнология зертханалары, ұлдар мен қыздарға арналған шеберханалар және басқа да инновациялық білім беру кеңістіктері бар, – деді №1 Заречный жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерасыл Қазыбаев. – Бұл фестиваль жазғы лагерь аясында қолға алынды. Алдағы уақытта мұндай іс-шараларды жиі өткізіп, «Келешек мектептері» арасындағы байланысты одан әрі нығайтуды жоспарлап отырмыз.
Алқалы жиынға облыстың аталған жобасына енген 5 мектептен 5–6-сыныптың белсенді деген оқушылары жиналды. Атап өтер болсақ: №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі, Қостанай қаласындағы №31 және №32 жалпы білім беретін мектептер, Рудный қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектеп пен №1 Заречный жалпы білім беретін мектебі. Әрбір білім ордасынан 10 оқушы мен олардың жетекші педагогінен құралған ұйымшыл командалар қатысып, бақ сынады. Заманауи жазғы лагерь форматындағы фестиваль бағдарламасы мазмұнымен әрі бірнеше маңызды бағыттарды қамтуымен ерекшеленді.
Заманауи форматта өткен фестиваль бағдарламасы мазмұнымен ерекшеленді. Қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алу рәсімінен кейін, Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен «Келешек» оқушылары нашақорлыққа қарсы!» атты облыстық флешмобы ұйымдастырылып, оқушыларды саламатты өмір салтына шақырды. Ал фестивальдің спорттық бағыты аясында өткен «Keleshek Sport Cup» жарысында әр мектеп командалары өзара бақ сынасты. Бағдарламаның ең ерекше бөлігі «Keleshek Team Quest» командалық квесті болды. Балалар бірлесе логикалық, шығармашылық және ұжымдық тапсырмаларды орындау барысында көшбасшылық және өзара тіл табысу дағдыларын барынша көрсете білді. Кейін мерекелік жиын «Keleshek Show Time» деп аталатын шығармашылық және ойын-сауық бағдарламасына ұласып, жасөспірімдер өнерлерін ортаға салды.
Айдана Купабаева
– Біздің білім ордамыздан бұл думанды шараға ең белсенді, спортқа жаны жақын он оқушы іріктеліп келді, – дейді үстіміздегі оқу жылында №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебінің 6-сыныбын тәмамдаған Айдана Купабаева. – Өзім бір жылдан бері футболмен тұрақты айналысып келемін. Жаңа мектептің табалдырығын аттаған сәттен-ақ «Рахат» футбол клубына жазылдым. Жақында командамызбен бірге Астанаға барып, жастар арасындағы футбол додасына қатысып қайттық. Бұл біз үшін баға жетпес тәжірибе болды. Бүгінгі фестиваль де бізге ерекше көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлауда.
Ұлттық спорт пен заманауи ойындар тоғысқан тартысты доданың нәтижесінде №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі жеңімпаз атанып, беделді кубокты қанжығалады. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша өзара тең түсіп, жүлделі екінші орынды Қостанай қаласындағы қос бірдей білім ордасы – №31 және №32 жалпы білім беретін мектептердің командалары иеленді. Ал үшінші орынға Рудный қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектеп пен фестиваль ұйымдастырушысы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінің құрамалары ие болып, медальдармен және арнайы мадақтамалармен марапатталды.
«Keleshek Camp Fest-2026» фестивалі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың жаңа достар табуына, қабілеттерін шыңдап қана қоймай, «Келешек мектептері» оқушыларының біртұтас қауымдастығын қалыптастыруға айрықша ықпал етті. «Бір аймақ – бір команда!» деген асқақ ұранды ту еткен басқосу жас өрендердің жүрегінде жарқын естелік қалдырғаны анық.
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.