Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету мақсатында Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда «Ойна да ойла» атты білім бәйгесі өтті. Зияткерлік ойында 5 «Б» сыныбының кіл жүйріктері бақ сынасты.

Сайыс барысында «Әділдік», «Жауапкершілік» құндылықтарыы насихатталып, әр топ өз-өздерін бағалады. Сайыс 5 айналымды қамтыды. Алғашқы айналым – «Таныстыру». «Ұшқыр ой» кезеңінде жас дарындардың білімдері сынға алынып, оларға пәндік сұрақтар қойылып, ойларының ұшқырлықтарын анықтау мақсатында логикалық сұрақтар арқылы және шет тілдерін меңгеру деңгейін тексеру үшін «полиглот» ұяшықтары берілді.

Сайыстың ең бір тартысты кезеңі – «Сөзжұмбақ» болды. Бұл кезеңде қатысушылардың көздері орамалмен байланып, олар қойылған сауалдарға нақты, мүдірместен жауап берді. Нәтижесінде «Сұңқар» тобы суырылып алға шықты. Оқушылардың дәлдігі мен шапшаңдығы басшылыққа алынған кезең – «Тәжірибе алаңы». Топ жетекшілері дартсты дәл көздеу арқылы жасырынған сұраққа жауап берді. Ең жоғары 18 ұпайды «Болашақ» тобы еншіледі. Осылайша тәжірибе алаңы қатысушылар үшін қызықты әрі құпияға толы болды. Мұғалім алақаннан алау шығарса, көмекшілері магнитке сіріңке жабыстырды, шарды ас содасы көмегімен үрлеп, жұмыртқа сарысы мен ағын бөтелке арқылы ажыратты.

Топ қатысушылары ұпай сандарын есептегенше, күмбірлете күй тартылып, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады. Білім бәйгесінде қатарластарынан оза шауып, 33 ұпаймен «Болашақ» тобы І орынды еншіледі. Білім – адам баласының ортақ қазынасы, болашаққа жол салар бағалы байлығы десек, жаңа Қазақстанның ертеңгі келбеті біліммен қаруланған тәрбие мен тағылымы ұштасқан жалынды жас өрендер екені анық.
Нұрдана ТҰРЫСБЕК,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.