Кітаптың адам өмірідегі маңызы уақыт өткен сайын арта түспесе кеміген емес. Жас ұрпаққа да осы құндылықты насихаттау мақсатында Науырзым ауданының ППТ кабинетінің педагогтері бір топ оқушылармен аудандық балалар кітапханасына саяхат жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткен болатын. Сондай-ақ бұл мәселедегі кітапханалардың мәртебесіне назар аудара отырып, еліміздің барлық тұрғындарының күш-жігерін оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақырған еді. Мемлекеттік деңгейде бұл мәселе күн тәртібінен түспегенін де айта кеткен абзал.
Аудандық кітапханамен ынтымақтастық – бұл, ең алдымен, балалардың кітапханаға саяхаттарын ұйымдастыру, оның барысында балаларды кітапхананың орналасуымен, оның ішкі мазмұнымен таныстыру, аба-бабаларымыздан мұа болып сақталып келе жатқан құнды кітаптардың асыл қазынасы екендігін түсіндіру. Бұл сапар өзіндік тағылымға да толы. Неге десеңіздер, кітапханаға саяхат балаларды ерекше әсерге бөлейді. Оларды кітап мәдениетімен таныстыру арқылы білімді әрі сауатты адамды тәрбиелеудің қашан да маңызы өлшеусіз.
Аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері балаларды жылы қарсы алып, кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасауды ұсынды. Балалар кітапханашының әңгімесін үлкен қызығушылықпен және қызықты көзқарастармен тыңдады. Кітапхана қызметкері балаларды кітаптар, журналдар жинағымен таныстырды, кітаптарды дұрыс қолдану, кітаптарды қалай таңдау керектігін түсіндіріп, абонемент пен оқу залында өзін қалай ұстау керектігі туралы толығырақ айтып берді. Балалар кітапханадағы кітаптар қорының қандай жүйе бойынша орналасқанын, көпшілік балалардың нені оқығанды ұнататынын білді.

Сапар аясында балалар үлкен ынта-жігермен, ал кім дем алып, көптеген кітаптарды әдемі байланыстырғыштармен, керемет безендірілген сөрелермен көрді. Балалар көптеген әсер алды. Нәтижесінде барлық балалар жақсы, ұқыпты оқырман болуға және балалар кітапханасына жиі келуге уәде берді. Кітапханаға бару бәріне өте ұнады. Саяхат соңында кітапхана қызметкерлері балаларға жаңа қызықты кездесулер тіледі, балаларды кітапханаға жиі келуге шақырды.
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып, көруге» деп еді адамзат ақыл-ойының биігі, қазақтың ұлы ойшылы хакім Абай. Иә, кітап – ғалым, тілсіз мұғалім. Жақсы кітап – жаныңа рухани азық сыйлап, санаңды семіртіп, көкірегіңді нұрға бөлейді. Кітап – білімнің бұлағы болса, кітапхана – рухани байлықтың ордасы. Ал оқырман – кітапхананың жаны деп айтсақ қателеспейміз. Себебі оқырман болмаса, кітапхана да өз міндетін толық атқара алмайды. Кітап қасиетті ұғым ретінде бағалануы керек деп ойлаймын. Әсіресе біздің қазақ әдебиетіміз – шексіз қазынаға ие сарқылмас байлық.
Жанат БОЗЖИГИТОВА,
Науырзым ауданының
ППТК әдіскері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.