Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы бекітілген-тін. Аталмыш жоба кітап оқу арқылы балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға шақырды.

Баланы рухани бай етіп тәрбиелеудің сан түрлі жолдары бар. Сол жолдардың бірі және бірегейі – оларды кітап оқуға дағдыландыру. Өкініштісі сол, қазіргі қоғамда жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептері қазіргі жаңару мен жаһандану, өсу мен өрбу, даму мен ілгерілеу заманында, ақпараттар мен техниканың қарыштап дамыған заманында күнделікті қолданысқа енген техникалық құралдардың әсері деп білеміз.
Жылдар бойы М.Хәкімжанова атындағы №20 мектебінде оқуды насихаттауға байланысты көптеген іс-шаралар өткізілуде. Биылғы 2020-2021 оқу жылында келіп түскен көркем әдебиеттермен таныстыру мақсатында жарнамалық бейнеролик, түрлі тақырыптық, мерейтойлық көрмелер қойылды. Мектеп оқырмандары арасында «Буккросинг» акциясы да жиі ұйымдастырылып тұрады.

«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» челленджі бастау алды. Мектеп оқушылары «Абай оқулары», «Ыбырай оқулары», Махамбет шығармашылығын және оның туындыларын зерделеуді насихаттау мақсатында «Махамбет оқулары» және басқа да қалалық, облыстық және республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектебіміздің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өткізіліп жатқан көрмелер, іс-шаралар мен челлендждер, әдеби байқаулар туралы ақпарат жарияланып тұрады.
Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін оқысақ, біріміз жұмыс барысында ақпарат іздеу үшін пайдаланамыз. Енді бірі кітап оқып, одан рухани азық алады. Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, адамды тәрбиелейді және рухани байытады. Кітап оқуға бала кезден баулу керек. Себебі адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан қалыптасады.
Зура ТАСТАНОВА,
№ 20 ЖББМ
кітапхана меңгерушісі,
Қостанай қаласы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».