Абай атамыз: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып білуге», – демекші, желкілдеп өскен жас бүлдіршіндердің кітап оқуға қызығушылығын ояту – тәрбиелік мәні зор іс. Осындай игі дәстүр мектебімізде жақсы қолға алынған.

Нақтырақ айтар болсақ, 1 «А» сыныбының оқушылары сынып жетекшісімен бірлесе кітапхана ішінде арнайы ұйымдастырылған саяхат сабақтың қонақтары болды. Ең алдымен оқушылар кітапхананы аралап, жақынырақ танысты. Сөрелерде ұқыпты жиналған түрлі-түсті кітаптар көздің жауын алады. Мектеп тәртібіне енді-енді бой үйреткен оқушылар өздерін еркін ұстады. Оларға кітапханашылар Г.Серікбаева мен Г.Уразалина кітапты дұрыс таңдай білу және ұқыпты ұстау, уақытында тапсыру сынды бірқатар оқырман ережелерімен таныстырып өтті.
Сонымен қатар балалар да сұрақтарын қойып, белсенділік танытып отырды. Кейін өздері ұнатқан кітаптарын үйлеріне оқуға алды. Олардың таңдаған кітаптары да өз жастарына сай суретті ертегілер мен қызықты журналдар. Танымдық жүздесу соңында кітапханашы апайларымыз оқушылардың сабақтарына сәттілік тілеп, кітапханаға жиі келіп тұруларын тіледі. Саяхат сабақтың соңында кітапханадан қойнына кітап қысып ұстап, марқайып шыққан оқушыларымды көргенде бұл олардың өмірлік хоббиіне айналса екен деген ойда қалдым. Себебі кітап оқуды жақсы әдетке айналдыру арқылы ғана шығармашылық ой-өрісің арта түспек.
Гүлфариза ИДИРИСОВА,
№19 ОМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.