Айсары мектебінде тағылымы терең, мазмұнды да қызықты кештер жиі ұйымдастырылып тұрады. Жақында Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Х.К. Андерсеннің шығармалары бойынша» атты мерекелік іс-шара өтті.

Елімізді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдермен терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егемен елдің берік тірегі. Оқушының ойын байытып, сауатын молайтып, білім нәрімен сусындататын – кітап. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы мектебіміздің оқушыларына үнемі түсінік беріліп отырады. Бұл жолы әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы, дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің ертегілері бойынша тағылымды шара ұйымдастырылды.
Ханс Кристиан Андерсен 1805 жылы сәуірдің 2-сі күні Фюн аралығындағы Оденсе қаласында дүниеге келген. Халықаралық балалар кітабы күні Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Х.К. Андерсеннің туған күні, яғни сәуірдің 2-сінде атап өтіледі деп бекітілген. Мұның басты мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Андерсен ертегілері жалпы кез келген жастағы оқырманға арналған. Бүгінде біраз кітаптары қазақ тілінде де жарық көрген.

Мектебімізегі шараға 6-сынып оқушылары қатысты. Екі топқа бөлінген олар, сұрақтарға жауап бере отырып өз топтарына ұпай санын жинады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында оқушылар өздері оқыған кітаптарынан Қазақстанның егемендік жылдарына қатысты сұрақтармен жалғастырды. Белсенділігімен көзге түсіп, тапқырлығын таныта білген оқушылар мектептің мерекеге арнайы жасалған мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал ауылдық кітапханамен бірлесе отырып дайындаған аудандық «Сөз құдіреті» байқауының жеңімпаздары Аягөз Сәт, Мадина Мағзұмхан және Даяна Шағатаеваға мақтау қағаздары және арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Мейрамкүл КӨШЕК,
Айсары ЖББМ
кітапхана меңгерушісі,
Қостанай ауданы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.