Қоғамдағы әкелер рөлін арттыру маңызды

Выпуск - №20 (568)   :   27.05.2023
595

Әр отбасы – жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргесін қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Жуырда мектебімізде «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында өткізілген «Менің әкем – ең мықты» әскери-спорттық ойыны осының бір көрінісі іспеттес. 

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: «Отбасы – шағын мемлекет, мен – президент, сен – премьер», – дегені бар. Шынында да отбасыларды шағын мемлекетке теңеуге болады. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Қазіргі қоғамда бала тәрбиесіне отбасының ықпалы зор екендігі жиі айтылып жүр. Өкініштісі, бала тәрбиесіне келгенде көп жағдайда отанасына ысыра салатын әкелер жетерлік. Осындай олқылықтың алдын қалай алуға болады? Отбасындағы және бала тәрбиесіндегі әкенің орны қандай?

Әке – ұлы күш пен сабырлықтың иесі іспеттес. Әке баласының физикалық және рухани тұрғыдан мықты болып өсуіне көп мән беру керек. Сондай-ақ ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді ұзын-сонар әңгіме немесе ақыл айтып емес, әке өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгі есте қалатын анық. Иә, қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген сияқты халық сөзі бекерден-бекер айтылмаған. Әр отбасындағы ата-ананың рөлі тәрбиеде басым рөл атқаратынын ескеру қажет.

Шынтуайтына келгенде, дәл қазіргі балалардың тәрбиесі екі бағытқа тіреліп қалғандай әсер қалдырады оның бірі – ұялы телефон әр баланың ажырамас бір бөлігіне айналса, екіншісі – мектеп. Жасөспірімдер арасында орын алып жатқан адам шошырлық келеңсіз жағдайларға білім ордасын кінәлау дағдыға айналып бара жатқандай. Әлеуметтік желілердегі ашық бейнероликтердегі көрсетілімдер жасөспірімдер санасын улап, зиянды әдеттерді жасаудан қымсынбайтын жағдайға жетіп отыр. Бұл барлық қоғамды толғандырып отырған мәселе. Оның себебі, қоғамда әкелер рөлінің жұмысбастылықпен айырбасталып кетуі деп ойлаймын.

Отбасындағы әке тәрбиесінің рөлі маңызды екенін мыныдай дәлелдермен келтіргім келеді. Мектептегі ата-аналар жиналысына қатысатын әкелер саны санаулы ғана. Яғни, бар жауапкершілік үйдегі анаға жүктелгендей. Әкелеріміздің жауапкершілігін арттырып, бала тәрбиесіне бағыттасақ қоғамда да өзгеріс болар еді. Үстіміздегі оқу жылында мектебімізде әкелердің ынтымақтастық ортасын құру мақсатында әкелер жиналысын өткіздік. Жиналыс барысында әкелерімізді жинау қиындық тудырғанын айтқым келеді. Алайда 70 шақты әкелер қатысып, өздерінің шынымен жұмысбасты болып, одан қалды ұялы телефон шұқылап кеткендерін алға тартса, кейбірі жиналыстан ой алып, бала тәрбиесін қолға алатынын айтқанда мәселенің бір ұшы табылғандай болды.

Жуырда «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында өткен «Менің әкем – ең мықты» әскери-спорттық ойынына қатысқан 16 әкеміз, өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта қоғамдық жұмыстарға араласып, үнемі қатысып тұруға ниеттерін білдірді. Оны кері байланыс кезінде анық байқадым. Іс-шара барысында белсенділік танытқан әкелер мектеппен тығыз байланыста болудың бала тәрбиесіне зор ықпалы болатынын бар жан-тәнімен сезінді десем, артық айтқаным емес. Иә, қазіргі таңда, түздегі жұмысын сылтау етіп, отбасы тәрбиесін аналарға артып қойған әкелердің көбісі мектеп өмірінде болып жатқан іс-шаралардан хабарсыз. Сондықтан да қоғамдағы әкелер рөлін арттыру үшін мектептерде әкелерімізді тәрбие іс-шараларына тарту маңызды деп білемін.

Күн сәулесінің табиғаттағы маңыздылығы қаншалықты жоғары болса, отбасындағы тәрбие баланың дұрыс қалыптасуына соншалықты маңызды екені бәрімізге ақиқат. Ал бұл тұста әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Осы орайда болашақта қоғамдағы әкелер рөлін жандандыруға бағытталған жұмыс түрін көбейте түсеміз деген ойдамын.


Жулдыз АМАНБАЕВА,
М.Дулатұлы атындағы ЖББ
мектеп директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары,
Рудный қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

В песне – любовь к Родине

5 дней назад в 15:09

Вне урока

Смена защитников

5 дней назад в 14:34

Патриотическое воспитание

Талантты отбасылар сайысы

5 дней назад в 14:28

Қосымша білім

Шежірелі өлкенің баласы

5 дней назад в 14:24

Қосымша білім

Мы помним

5 дней назад в 14:21

УП News

Продолжим зелёную традицию

5 дней назад в 14:18

Социум

Актуально

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.