Спорт – денсаулық кепілі екені бәріміз білеміз. Десек те, көпшілігіміздің спортпен айналысуды дағдыға айналдыра алмай жүргеніміз тағы жасырын емес. Оның түрлі себептері де жетерлік.

Бұл тұрғыда, үлкендер жағын айтпағанның өзінде, жастардың алдынан да көптеген кедергілер көлденеңінен шығып жатады. Жастарды спортқа баулу – дені сау ұрпақты қалыптастырудың кепілі. Сондықтан бұл тұрғыда атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселе.
Болашағымыз деп үміт артқан жастарымыздың дені ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жатқаны да көңіл құлазытады. Күн сайын жастардың жүзбе-жүз сөйлесуі азайып, әлеуметтік жүйе қолданысы, керісінше, артып келеді. Соған орай Ә.Боранбаев атындағы мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс тәрбиеленушілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету, білім, білік дағдыларын кеңейтуді басты назарға алды.
Аталған жарыс аясында қатысушылардың бойынан спортты жанына серік ету арқылы олар дені сау ұрпақ ретінде қалыптасып қана қоймай, тәрбиелі әрі саналы жастардың қатарын арттыруға септігін тигізетінін байқадық.
Әсемгүл ЕСМАҒАНБЕТ,
Ә.Боранбаев атындағы
ЖББМ мектеп жанындағы
интернат тәрбиешісі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.