Биыл күй тарихында атаулы жыл. Ұлттық музыка өнерінің көгінде жұлдыздай жарқырап өткен тума талант, күйші, композитор қазақ мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, күй анасы – Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толып отыр.

Дәулескер күйші екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. «Қазақ ССР халық артисі» деген құрметті атаққа ие болған. Күй атасы, ұстазы – Құрманғазы Сағырбайұлы күйлерін өзі тартып, дамыта отырып, жаңа бір белеске көтерген, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген шәкірті. Дина Нұрпейісова өз заманында көптеген Бүкілодақтық, Халықаралық, Республикалық бірнеше байқаулардың жүлделі жеңімпазы, өз заманының дәулескер күйшісі болған.
Солардың бірін айта кетер болсақ, 1937 жылы өткен халық өнерпаздарының Республикалық өнер байқауына қатысып, Бас жүлдені жеңіп алған. Ал 75 жасында Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші өнерпаздар байқауында Бас жүлдеге ие болса, 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес Республикасынан өнерпаздар қатысқан аламан додадан да жеңімпаз атағын алып шыққан. Ташкент қаласында өткен он күндік көркем өнерпаздар байқауында да Дина апамыз бірінші жүлделі орынды иеленді. Шебер орындаушы, күйші анамыз туралы қанша айтсақ та, артық болмас.
Биыл еліміз әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл мерекесін атап өтуде. Жақында ғана елордамызда дәулескер күйші Дина Нұрпейісованың құрметіне еңселі ескерткіш орнатылды. Жер-жерде домбыра мен күй өнерінің бағын асқақтатқан күйшілер байқауымен қоса түрлі іс-шаралар өтуде. Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай біздің Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Зура Сайлаубекқызының ұйымдастыруымен «Күй анасы – Дина» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі еліміздің ертеңіне үміт артып отырған өскелең ұрпақтың эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, музыка әлемінің, соның ішінде күй өнерінің құдіретін түсіндіру, өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатын көздеді. Онда әйгілі күйші, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітаптар, күйшінің күйлері жазылған күйтабақ пен үнтаспалар жинағы қойылды. Оқушыларымызға тумысынан дарынды, ерекше талант, өнер иесі жайында айтып, өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, күйлерін тыңдатып, сонау тарихтан сыр шерту, еске алу, әрине ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық.
Күйші Дина апамыз жайлы ұйымдастырған кітап көрмесінен оқушыларымыз тың деректермен танысып, өнер иесі туралы көптеген қызықты мағлұматтар алды. Сонымен қатар Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына арналған қалалық, облыстық, републикалық, «Күй – домбыра» домбырашылар байқауына мектебіміздің «Мариям шамшырақтары» домбыра үйірмесінің шәкірттері қатысып, өнерлерімен көрерменді тәнті етіп, жүлделі орындарға ие болды.
Мектебіміздегі «Мариям шамшырақтары» домбыра үйірмесінің жетешісі Намиялы Жасылан Нұржанұлы – шәкірттерін өнердің биік шыңына баулып, қазақтың көзінің қарашығындай болған домбыра аспабында ойнау өнерін шебер үйретіп жүрген ұстаз. Қастерлі күй өнерін хас шеберлігімен аспандата білген ерекше тұлға – Дина Нұрпейісова әлемі мен шығармашылығы ғасырдан-ғасырға жетер сырлы сандық. Оқушыларымызды өткенімізбен, артына өшпестей із қалдырған даналарымызбен, асыл мұрамызбен таныстырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білу – біздің міндетіміз деп ойлаймын.
Гуляим ИБРАЕВА,
М.Хәкімжанова атындағы
№20 ЖББМ
музыка пәні мұғалімі,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.