Көшбасшылыққа баулу жолы

Выпуск - №1-2(549-550)   :   19.01.2023
566

«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халық мақалы. Өткенге көз жүгіртсек, қазақ халқы ежелден шешендік өнерге жақын. Оған дәлел, халқымыздың би-шешендері мен ақын, жырауларының үлгісі.

Бұрынғы уақытта шешендер сөз шеберлігін сынға салып, бір-біріне лайықты жауап қайырып, осы мәдениетті қалыптастырса, бүгінгі таңда бұл өнер түрі жаңа бағытта жалғасын тауып отыр. Қазіргі кездегі шешендік өнерді дамытатын айқын нәрсе – пікірсайыс алаңы. Бұрынғы ҚР Оқу және ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жан-жақты даму үшін алған білімді дебат ойындары арқылы жүзеге асырып, дамытуды айтқан еді. Осы мақсата Рудный қаласында №13 жалпы білім беретін мектебінде «Жігер» дебат пікірсайыс үйірмесінің жұмысы ұйымдастырылған. Жетекшісі – жас маман А.Сыбан

Аздаған уақытта оқушыларымыз қалалық деңгейдегі ойындардың жеңімпазы атанып, облыстық пікірсайыс турнирлеріне қатысуға жолдама алған болатын. «Ең үздік ойыншылар» атағына Дулат Нуржанов және Айдынбек Омаров есімді оқушыларымыз ие болды. Ал қалалық сайыстарда Айдана Ниязбекова мен Айгерім Балғабаева өз бағын сынауда. Оларға, өз кезегінде, сәттілік серік болсын дейміз! Жақын арада болған мектеп директорларының ТЖ орынбасарларына арналған қалалық семинарда біздің оқушыларымыз «Дебат – жастарымыздың жарқын болашағы» тақырыбы аясында үлгі ойынын көрсеткен болатын.

Ел ертеңі – бүгінгі жастар. Сондықтан көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабынан қалыспайтын, ұтқыр ойлы, шешен тілді жастарымыз көп болғаны қандай керемет болар еді.


Алмагүл ЖАНАБАЕВА,
№13 ЖББМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Рудный қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.