Қостанай облысының 12 ауылдық мектебі жаңартылды

Выпуск - №50(647)   :   20.12.2024
534

12-6

Тәуелсіздік күні қарсаңында, Қостанай облысының Меңдіқара ауданында педагог және ақын Ғаббас Жұмабаевтың есімімен аталатын Боровской мектеп-гимназиясы жаңартылып, тұсаукесері өтті.

12-4

12-5

Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған білім ордасы 1994 жылы балаларды мемлекеттік тілде оқытатын аудандағы алғашқы мектептердің бірі болған еді. Бүгінгі күні мектеп толығымен жаңартылып, 300-ден астам оқушының жайлы үйіне айналып отыр. Мектепті дамытуға шамамен 250 млн теңге қаржы жұмсалды. Бұл Білім беруді тұрақты дамыту қоры, «Қазақстан халқына» және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» қорының жобасы аясында іске асырылып отыр.
Іс-шараға Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының төрағасы Күләш Шамшидинова, Білім басқармасының басшысы Айман Ибраева, облысымыздың белді білім ордаларының басшылары мен ұстаздары арнай қатысты. Жаңартылған оқу кабинеттері мен заманауи мультимедиялық құралдармен жабдықталған сыныптар, ғылыми зертханалар мен спорт залдары, балалардың шығармашылық дамуына мүмкіндік беретін оқу алаңдары экскурсия барысында қонақтардың назарына ұсынылды.

12-1

12-2


Мектептегі 29 пәндік кабинет әлемдік трендтегі заманауи жабдықтармен жарақтанды, олар интерактивті панельдері бар заманауи білім беру кеңістіктеріне және жаңа модификациялары бар зертханалық жабдықтарға айналды. Сондай-ақ, робототехника кабинеті мен STEM-зертхана 3D-принтерлермен және практикалық жұмыс үшін қажетті жиынтықтармен қамтамасыз етілген. Кітап қоры жаңартылған мектеп кітапханасы оқушылар үшін жайлы орынға айналды. Мектептің Акт залы заманауи музыкалық аппаратурамен жабдықталып, шығармашылық іс-шаралар өткізу үшін жаңа домбыралар мен гитаралар сатып алынды.
– Білім беру сапасын арттыру бағытында сіздердің алдарыңызда көптеген жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Қостанай облысының білім беру жүйесін дамытуға үлкен қаражат бөліп жатқан «Қазақстан халқына» қорына ерекше алғысымды білдіремін. Ауыл мектептерін модернизациялау өте маңызды іс деп санаймын, өйткені әрбір оқушының білім алуы үшін ең жақсы жағдайлар жасалуы қажет. Біз Мемлекет басшысының қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқарту туралы алға қойған міндетін іске асыра отырып, заманның ағымына ілесіп отыруға тырысып келеміз, – деп атап өтті Білім басқармасының басшысы Айман Ибраева.
«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы – ауылдық білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады. Аталмыш бағдарламаны іске асыру барысында 2022 жылдан бастап облыстың 12 мектебін жабдықтауға шамамен 3 млрд теңге бағытталған. Игі жоба білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

12-3


Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының тұсаукесерінде Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының төрағасы Күләш Шамшидинова мұғалімдермен әңгімелесе отырып, кәсіби шеберлік деңгейін арттырудың, үздіксіз білім алуының маңыздылығын атап өтіп, қазіргі заманның өзгерістеріне бейімделу қажеттігін атап өтті. Іс-шара барысында жиналған қауым мектептің жетістіктері мен келешегі туралы пікір алмасты, сондай-ақ білім ордасының ұжымына шығармашылық табыс пен жаңа бастамаларға сәттілік тіледі.
– Мектептің 42 педагогі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында оқытудың заманауи технологиялары мен әдістемелерін қамтитын инновациялық құралдармен жұмыс бойынша оқыту курстарынан өтті. Мектепке үш жылдық әдістемелік сүйемелдеу ұйымдастырылды. Нәтижесінде педагогтер өз ауданының шағын жинақты мектептеріне әдістемелік қолдау және көмек көрсете алады, – деді Күләш Ноғатайқызы.
Жаңа оқу технологиялары мен әдістемелерінің мектептердің оқу үрдісіне енгізілуі, әсіресе шағын жинақты мектептер үшін үлкен маңызға ие. Себебі, педагогтер қауымы өз тәжірибелерін басқа мектептермен бөлісу арқылы білім сапасын арттыруға үлес қосады. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде білім беру деңгейінің артуына ықпал етеді. Білім беруді тұрақты дамыту қоры келер жылы тағы жеті мектепті жарақтандыруды жоспарлап отыр. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін білім ордаларында мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Қостанай облысы
білім басқармасының
баспасөз қызметі, суреттерді түсірген
Каербек ГИЛИМЖАНОВ

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4