Қостанай облысы Полиция департаменті жолда тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту, жол ережелерін сақтайтын жүргізушілерді қолдау мақсатында алғаш рет «Үлгілі жүргізуші-2025» профилактикалық акциясын өткізді.
– ҚР Ішкі саясат министрлігі жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырылған акция әртүрлі салаларда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, адамдарды, оның ішінде балаларды қауіпсіз тасымалдаған жүргізушілерді құрметтеу. Мұнда мектеп автобустарының жүргізушілері, қалалық автобус жүргізушілері, жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері секілді мамандар бар. Үздіктерді іріктеу барысында білім басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ автопарктердің басшыларына жүгіндік, олар ұзақ еңбек өтілі бар, жол ережелерін бұзбаған жүргізушілерді ұсынды. Олардың еңбегі – өзгелерге үлгі, – дейді Қостанай облысы Полиция департаментінің Әкімшілік саясат басқармасының аға инспекторы Махаббат Хусаинова.
Алқалы жиында сөз алған Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қанат Меңдібаев, ең алдымен, ұзақ жылдар бойы балалар мен оқушыларды қауіпсіз тасымалдап жүрген мектеп автобустарының жүргізушілерін марапаттады. Ы.Алтынсарин атындағы Обаған ЖББМ жүргізушісі Юрий Мартыненко, №1 Заречный ЖББМ жүргізушісі Елик Муканов, Қостанай ауданындағы Мемлекеттік тілде білім беретін А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ жүргізушісі Ақылбек Жигитов, Н.Островский атындағы Аманқарағай ЖББМ жүргізушісі Бақытжан Әбішев, Әулиекөл ауданындағы бастауыш мектеп-интернаттың жүргізушісі Эржигит Эгамбердиев жауапкершілік пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісіне айналды.
Іс-шарада қаламыздағы №19 ЖББМ жас инспекторлар жасағы құрмет иелеріне өздері салған плакаттарын табыстап, жасап жатқан жұмыстарына алғыстарын жеткізді.
– Жас инспекторлар жасағы оқу жылының басында құрылған. Құрамындағы 7–8-сынып оқушылары жол ережелерін меңгеріп қана қоймай, жас жол реттеушіні үйренді, сонымен қатар «Ашық қоңырау» жобасына белсене қатысты. Бұл жобада педагогтеріміз ТМД елдері арасында бірінші орынды иеленгенін айта кеткен жөн, – дейді қаламыздағы №19 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Талгат Дощанов.
Көп жылдық тәжірибесі бар қала автобустары мен жедел жәрдем жүргізушілері, сондай-ақ автомектептің үздік мамандары да марапатталып, қажырлы еңбектерінің лайықты бағасын алды. Олар үшін бұл күн – адал қызмет пен жауапкершіліктің еленген сәті болды.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.