Жақында, ақпанның 3-5 аралығында математика, физика және информатика пәндері бойынша олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының арасында «IMPACT Olimpiad» V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті.

Олимпиадаға Ресей, Татарстан, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстаннан математика, физика, информатика бойынша олимпиадалық резервтің 250-ден астам оқытушылары мен жаттықтырушылары қатысты. Халықаралық олимпиадаға Қостанайдағы NIS атынан қатысқан мұғалімдер: физика пәнінің мұғалімі Салия Туктубаева 2-орынға, математика пәнінің мұғалімі Станислав Козловский 3-орынға және информатика пәнінің мұғалімі Борис Зеленов 3-орынға ие болып, білім ордасының ғана емес, өңірдің мерейін үстем етті.
– Олимпиадаға қатысу үшін техникалық кезеңде дайындығы тексерілген жұмыс орнын әзірлеу қажет болды. 7 тапсырма ұсынылды: 4 олимпиадалық тапсырма және 3 шешілген тапсырмадан тұратын әдістемелік блок. Бұл жерде қатені тауып, оның жолдарын түсіндіру қажет болды. Барлық әрекеттерді орындауға 4 сағат уақыт берілді. Мен оны сәл ертерек, 3 сағатта жасадым. Нәтижеге көңілім толады, жалпы өзім үшін жақсы тәжірибе болды деп есептеймін, – дейді физика пәнінің мұғалімі Салия Туктубаева.
Информатика пәнінің мұғалімі Борис Зеленовтың айтуынша, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай ұсынылды. Қатысушылардың көпшілігі атап өткендей, тапсырмалар қызықты болған көрінеді: «Олимпиаданың бірінші күні пәндік секциялар бойынша семинарлар өтті, онда біз өз тәжірибемізбен және пәнді оқытудағы лайфхактармен бөлістік. Ақпанның 4-інде олимпиаданың өзі өтті. Ол төрт сағаттық марафон форматында өтіп, онда олимпиада деңгейіндегі 10 тапсырманы шешу ұсынылды. Қатысушылар мәселелерді офлайн және онлайн режимде прокторинг арқылы шеше алды».
Өз сөзініде математика пәнінің мұғалімі Станислав Козловский де олимпиаданың жақсы әсер қалдырғандығын айтады: «Тапсырмалар барлық есептеулер мен сызбалармен толық шешімді талап етті. Дайын шешімдегі қателерді тауып, түзету немесе балама шешімді көрсету қажет болды. Жалпы берілген тапсырмалар өте қызықты болғандығын айта кеткен жөн. Өз басым оларды үлкен қызығушылықпен шештім».
Абылай ҚАСЫМОВ,
Қостанай қаласындағы
НЗМ баспасөз хатшысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.