Тобыл қаласындағы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясында 5-7 сыныптар арасында қысқы спорт фестивалі өтті. Онда спорттың төрт түрі қамтылды: шаңғы, футбол, арқан тартыс және нысана көздеу.

Жарыс балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шеберліктері мен ептіліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Шаңғы жарысының нәтижесінде 5-сыныптар арасында 1-орынға Әділет Досанов, 2-орынға Марис Искаков, 3-орын Әлинұр Жангереев ие болды. Ал 6-сынып оқушылары арасында 1-орынды Диас Ғалым, 2-орынды Елдар Хайдар, 3-орынды Иманғали Қабиев иеленді. 7-сыныптар оқушыларынан Медет Ошақбай 1-орынға ие болса, Жанболат Әбдікәрім 2-орынды қанжығасына байлады, ал Ален Аманжол 3-орынды місе тұтты.
Оқушылардың ерекше жақсы көретін ойындарының бірі – футболды қар үстінде өткізу тіптен қызық. Тартысты сайыста 5-7 сыныптардың оқушылары бақ сынап, 6 «А» сыныбының оқушылары қар үстінде допты қалай ойнаудың үлгісін көрсетті. Олар әуелі 6 «В» сыныбын 1:0 есебімен жеңсе, дәл осындай нәтижемен 7 «Ә» сыныбынан да айласын асырып, финалға шықты. Екінші топтың үздігі 6 «Б» сыныбы болды. Олар 5 «Ә» сыныбын 2:0, 5 «В» сыныбын 1:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алды. Финалда кездескен 6 «А» мен 6 «Б» сыныбының алғашқысы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты өткен арқан тартыс бәсекесінде алғылық танытқан 6 «В» сыныбы жеңіске жетті. 2-орын 6 «Б» сыныбының еншісіне тисе, 3-орынды 5 «Ә» сыныбы місе тұтты. Келесі өткізілген нысана көздеуден 7-сыныптар арасында 1-орынға Сейітназар Серік (7 «В»), 2-орынға Санжар Бекенов (7 «Ә»), 3-орынға Әділхан Шалғынбаев (7 «В») тұрақтады. Ал 5-6 сыныптар арасында 1-орын Иманғали Қабиевке (6 «А»), 2-орын Аман Смаилға (6 «А»), ал 3-орын Азат Аблайға (5 «Ә») бұйырды. Жарыс барысында байқағанымыздай, балғындардың спортқа деген ынтасы артып, қабілеттері ашылды.
Рашит МҰХАНБЕТЖАНОВ,
Асқарбек САДЫҚОВ,
Н.Наушабаев ат. МГ
дене шынықтыру
пәнінің мұғалімдері,
Тобыл қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.