Қызықты мерекелік фестиваль

Выпуск - №49-50 (395-396)   :   30.12.2019
342

Мейлі қар жамылған елде, мейлі пальмалы ыстық жағалауларда жүрсек те, Жаңа жыл қашан да ерекше қуанышпен келетін мейрам. Оны ойыншықтармен безендірілген жасыл шыршасыз елестете алмаймыз.

Жаңа жылдың басты атрибуты саналатын шыршаның, әсіресе, балалар үшін маңызы ерекше екені белгілі. Келе жатқан жаңа жылдың мерекелік шырайын көтеру мақсатында Краснопреснен орта мектебінде «Креативті шыршалар» фестиваль-байқауы өткізілді. Оған мектебіміздің барлық сыныптары қызығушылықпен қатысты. Оқушылар ғана емес, ата-аналар да бұл байқауға креативті ойларын қосып, әр түрлі материалдардан сұлу да қызықты шыршаларды жасап шығарды.

Өзіндік көркем дизайнымен көзге түскен, эстетикалық мәдениеті сақталған шыршалар жеңіске жетті. Мектепішілік шыршалар сайысында шыршасы әлдеқайда ерекше болған 5 «А» сынып оқушыларының шыршасы жеңіске лайық деп танылды. Ал, жаңа жылдық сұлу ханшайымымыз аудандық шыршалар сайысына жіберілді. Алдағы уақытта ол аудандық төрайымдардың көзайымына айналып, бас жүлдені жеңіп алады деген ойдамын. Олай болса, оқырман қауымға алуан түрлі креативті шыршалардың шырайына тамсануды ұсынамын.


Айнагүл ИСМАГУЛОВА,
Краснопреснен ОМ
тарих пәнінің мұғалімі,
Меңдіқара ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

5 дней назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

6 дней назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

6 дней назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

6 дней назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

6 дней назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.