Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын ауылының тұрғындары жаңа оқу жылын жағымды жаңалықпен бастады. Күні кеше онда «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында бой көтерген 300 орынға шақталған мемлекеттік тілде оқытатын білім ордасы есігін ашты.
Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, білім басқармасының басшысы Айман Ибраева және басқа да бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты. Жалпы құрылысына 3,5 млрд теңге бағытталған Құсмұрын ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде балаларға сапалы білім беру жолында барлық жағдай жасалған. Айтқандай, бұл білім ордасы да «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында инновациялық жабдықтармен бірыңғай стандарт бойынша салынған оқу орындарының бірі.
– Жаңа мектептің ашылуы – ата-аналар мен балалардың көптен күткен қуанышы! Мектеп еліміздің Конституциясының 30 жылдығы, сондай-ақ қазақтың тұңғыш ғалымы, тарихшы, этнограф және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуын мерекелеу жылы ашылып, өзінің қайталанбас тарихын жаза бастағаны ерекше қуантуда. Бұл оқушылардың бойында нағыз патриотизм, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолында мықты негіз болатынына сенімдімін. Баршаңызға толағай табыстар мен жоғары жетістіктер тілеймін!, – деді салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Құмар Іргебайұлы.
Мектепте жиырма төрт оқу кабинеті бар. Заман талабына сай, педагогтер мен оқушыларға ғылыми жұмыстар әзірлеуде жасанды интеллекті пайдаланып, виртуалды тәжірибелер жасауға мүмкіндік беретін интерактивті жабдықтармен жарақталған. Физика, химия және биология пәндерінің кабинеттері биотехнология мен нанотехнология бағытындағы оқу зертханаларымен толықтырылған. Сондай-ақ робототехника, компьютерлік сыныптар және STEM зертханасы да заманауи құралдармен жабдықталған.
– Жаңа мектебімізді көріп, қуанышымызда шек жоқ! Бұрынғы білім ордасы ескі әскери госпиталь ғимаратында орналасқан еді. Енді ауылымызда ашылған заманауи мектепте қызым оқып, жоғары жетістіктерге жететініне кәміл сенемін, – деп әсерімен бөлісті оқушының анасы Балғын Ермағамбетова.
Білім ордасының мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді. Мектептің «Үй мәдениеті» кабинеті жаңа станоктармен, ал «Дизайн және технология» шеберханасы тігін жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген. Оқушылардың тұрмыстық дағдыларын дамытуға арналған аспаздық кабинеті де жұмыс істейді. Барлық қажетті спорттық құралдармен қамтылған кең спорт залмен қоса жас өнерпаздарға арналған хореография залы дайын тұр. Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында мектепте кең акт залы, оқу залы бар заманауи кітапхана, «Көрнекі өнер» кабинеті және ыңғайлы коворкинг аймақтары қарастырылған. Аталған мүмкіндіктер жастардың білімін тереңдетіп, қабілеті мен дарынын аша отырып, ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашады.
– Бұл – Әулиекөл ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған алғашқы заманауи білім ордасы. Мектеп кабинеттері толықтай заман талабына сай жабдықталған. Бұған дейін мемлекеттік тілде оқытатын №1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі 1941 жылы салынған, госпитальдан бейімделген ғимаратта орналасқан еді. Жаңа ғимаратқа №1 Құсмұрын ЖББМ оқушылары, мұғалімдері және қызметкерлері түгелдей көшіп келді. Қазақ мектебінің бұрынғы ғимаратында қосымша білім беру ұйымдарының үйірмелері орналасатын болады, – деді Әулиекөл ауданы білім бөлімі басшысының орынбасары Ақмарал Махашева.
Мектеп ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға бейімделіп, қауіпсіз білім беру ортасы жасалған. Оның ішінде қозғалысы шектеулі азаматтар үшін де барлық жағдай қарастырылған. Бұл – «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында облыста ашылған бесінші, ал ауылдық жерде іске қосылған екінші мектеп екенін еске саламыз. Аталған жоба аясында жалпы 4500 орынға арналған 6 мектеп ашу жоспарланған. Бұл өңірдегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, жаңа буын жастарын тәрбиелеуге және адами капиталды дамытуға қажетті толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы
білім басқармасы ұсынған мәліметтердің
негізінде дайындаған:
Жамал ШАУКЕН,
Суреттерді түсірген:
Қайырбек ГИЛИМЖАНОВ
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.