Күз ханзадасы мен ханшайымы

Выпуск - №43(540)   :   08.11.2022
1073

Айналаны сары ала түске бояған алтын күз мезгілінде білім ордаларында қызықты іс-шаралар қолға алынады. Солардың бірі – Мичурин ЖББ мектебінде 5-7 сынып аралығында ұйымдастырылған «Күз ханзадасы мен ханшайымы-2022» байқауы.

Карантиндік шектеулерге байланысты, соңғы бірнеше жылда алғаш рет өткізіліп отырған байқауға әр сыныптан іріктелген бір-бір жұптан, барлығы 9 жұп қатысты. Қатысушыларымыз ән шырқап, би билеп, тіпті қойылым көрсетіп, бар өнерлерін ортаға салды. Байқау негізгі 4 кезеңнен тұрды: таныстыру, шығармашылық, дефиле және интеллектуалды сайыстарды қамтыды. Біздің сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлеріміз төрт кезеңнен де сүрінбей өтіп, бойындағы өнерлерін барынша көрсетуге тырысты.

Әділ қазылар алқасының шешімімен, «Күз ханзадасы мен ханшайымы-2022» атағына 5 «Б» сынып оқушылары Артемий Супрунов пен Татьяна Крылатова ие болып, оларға алтын тәж кигізілді. Ал қалған қатысушыларға арнайы номинациялар беріліп, дипломдар табысталды. Осылайша сайысымыз өз мәресіне жетіп, қатысушылар да, көрермендер де ерекше әсер алып, келесі жылы осындай іс-шараларды өздері өткізуге ниеттеніп отыр. Бұндай кештерді өткізу арқылы балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік бере отырып, олардың командалық рухын, жеңіске деген ұмтылысын және жауапкершілік сезімін дамытамыз деген ойдамын.


Диана ТУЯКБАЕВА,
Мичурин ЖББМ
ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.