Сабақты зерттеу – қарапайым идея болып табылады. Егер оқытуды жақсартқыңыз келсе, сабақтарды жоспарлау, бақылау және рефлексия жасау үшін басқа мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істеуден артық не болуы мүмкін?

Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Демек оқушыларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы болса керек.
Оқушылардың деңгейін көтеру, оқыту әдістемесін жетілдіру, оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында шығармашыл ұстаз ізденіп, оқытудың белсенді әрі тиімді әдіс-тәсілдерін іздейді. Осындай педагогикалық тәсілдердің бірі – Lesson study. Бұл әдістің кең тараған түрі, жалпы төрт кезеңнен тұрады: жоспарлау – сабақты өткізу – бақылау – рефлексия. Lesson study – мұғалімдер тобы жоспарлайтын, оқытатын, бақылайтын және құрастыратын, кемінде үш сабақтан тұратын топтама.
Жақында Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББ мектебінде «Бастауыш сыныпқа Lesson study тәсілін енгізу» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті. «Әліппе», «Сауат ашу» оқулықтарының авторлары Елена Богатырева, Раиса Бучина, Ольга Труханова сынды педагогтермен қызықты кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ Дарина Сакаева, Светлана Сухинина, Баржақсы Макенова, Лязат Кузембаева, Саят Мұқағали есімді ұстаздар шебер-сынып даярлады. Семинарға 65 бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп директорлары мен облыстық білім бөлімінен Гайнеш Бекмаганбетова және қалалық білім бөлімінен Бибигуль Муканова сынды әдіскерлер қатысты.
Семинар барысында мектеп директорының орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдерінің Lesson study сабақтарын ұйымдастырудағы педагогикалық тәжірибесі ұсынылып, бірқатар жемісті жұмыстар атқарылды. Мұндай командалық ынтымақтастық процестің барлық қатысушыларының өзара белсенді әрекеттесуіне ықпал етті. Облыстық семинар жұмысын ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін Сабира Султанова, Гульжанат Кажбулова, Рсалды Ибраева, Жанат Бекмурзинадай қстаздарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар Жанна Дощанова, Светлана Отепова, Саулегуль Молдахметова, Айнагуль Абдулина, Айнагуль Садвакасова, Ольга Нерода, Дина Жаукина, Алена Жигалова, Баян-Сұлу Шарипова, Анара Ермагамбетова, Ажар Арстангалиева, Жулдуз Сегизбаева және Рауия Карина есімді мұғалімдерді сабақтарды белсенді өткізгені және көрсеткен көмегі үшін ерекше атап өткім келеді. Семинарға қатысушылар Lesson study – сабақты зерттеу тәсіліне қатысты пайдалы және қажетті ақпараттарды алып, тағылымды жиынның атмосферасын, форматын және көлеміне оң бағасын берді.
Жанар КУШАНОВА,
Ә.Бөкейхан атындағы ЖББ
мектебінің директоры,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.