Қостанай қаласындағы Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының қабырғасында қаламыздағы №28 мектеп-гимназияның барлық жас сарбаз сынып оқушыларының қатысуымен «Жас сарбаз» балы өтті.
«Үздік жас сарбаз» Нұрдаулет Рекенов подполковник Қуаныш Хабиевтің қолынан марапатталған сәт
Аталмыш іс-шара тәрбие жоспарына сәйкес жас ұрпақты Отанды сүюге, елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға, әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін, адамгершілігі мол, патриоттық сезімге бай ұрпақ тәрбиелеу мақсатын көздеді. «Тәуелсіз елдің жас сарбаздары» тақырыбында өткен «Жас сарбаз» балына білім ордасының барлық жас сарбаз оқушыларынан, жалпы саны 200-ге жуық оқушы қатысты.
– «Жас сарбаз» сыныбы мектебіміз ашылғалы бері, 2019 жылдан бастап істеп келеді. Бүгінде аталмыш сыныпта 226 бала білім алады. Аталған сыныпқа оқушылар арнайы емтихан тапсыра отырып, соның нәтижесіне қарай қабылданады. Осы сыныптардың оқу-тәрбие жоспарына тек патриоттық бағыттағы ғана емес, сонымен қатар мәдени іс-шаралар да енгізілген. Яғни, біздің мақсатымыз – өз тілін құрметтейтін, елін сүйетін жас сарбаздарды тәрбиелей отырып, оларды мәдениетке де баулу. Бүгінгі іс-шарамыздың да көздегені де осы, – дей келе, №28 мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Исмаилова Жансая Бақытбекқызы, әскери әрі мәдени бағыттағы іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен әскери бөлім қызметкерлері мен мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне алғыс білдірді.
Әсери-патриоттық әрі мәдени шараға полковник, 6697 әскери бөлімінің командирі Талғат Әбдіров, 6697 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Данияр Тоқтаров, Қостанай облысы бойынша Республикалық Карабах ардагерлер одағының төрағасы Батырхан Амандосов, «Братства» әуе десант одағының төрағасы Ерлан Друскильдинов, Қостанай облысы бойынша Шекара ардагерлер кеңесінің төрағасы Касымкан Мулдагалиев, подполковник, 99260 әскери бөлімінің командирі Куаныш Хабиев, қалалық Білім бөлімі басшысының орынбасары Бибі Карыбаева, қалалық Білім бөлімінің әдіскері Жанар Жумагулова, Қамқоршылық кеңес төрағасы Мади Нұрмұхамбетов, І.Омаров атындағы қазақ драма театрының басшысы Азамат Чукеев арнайы қатысты. Олар кеш барысында спорт, ғылым, шығармашылық бағытта елеулі жетістікке жеткен 11 жас сарбазға құрмет грамоталарын табыстады.
«Үздік жас сарбаз зерттеуші» аталымында Ділназ Кәкімбек, «Үздік жас сарбаз зияткер» аталымында Айша Ильсурова және Аружан Дүкенбай, «Үздік спортшы жас сарбаз» аталымында Марлен Бисембай, Серікжан Мұханбетқали, Бахтияр Муса және Шерхан Есболат, «Үздік жас сарбаз вокалист» аталымында Ариман Егізбай, «Үздік аспап өнерпазы» аталымында Гүлбахар Назар, «Үздік ақын жас сарбаз» аталымында Жамбыл Нұралыұлы марапатталды. Ал «Үздік жас сарбаз» атағына Нұрдаулет Рекенов ие болды. Марапатталған жастардың бірі Серікжан Мұханбетқали осы жас сарбаз сыныбына қатысу арқылы әскери қызметке деген қызығушылығы оянып, болашағын осы бағытпен байланыстырғысы келетіндігін жеткізді. Ал қазіргі уақытта басты мақсаты – үздік жас сарбаз атану.
Кеш барысында жас сарбаздар бар өнерлерін ортаға салды. Ән шырқады, домбырада күй шертіп, жетіген, скрипка аспаптарында әсем әуен орындады. Ресми бөлімнен соң жалғасын тапқан жас сарбаздардың концерттік бағдарламасында бастауыш, ортаңғы және жоғарғы сыныптар жеке-жеке вальс биледі. Әрқайсысы өзіне берілген міндетке тыңғылықты дайындалғанын көрсетіп, жиналған көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.