Жуырда қазақ даласының ұлы перзенті, ғалым-геолог, Қазақстанның тұңғыш академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 123 жыл толуына орай Рудный қаласындағы №15 ЖББ мектепте іс-шара ұйымдастырылды.
.jpeg)
«Қаныш Сәтбаевтың туғанына 123 жыл» тақырыбындағы тағылымы мол шара жоғары сынып оқушылары арасында түрлі бағытта ұйымдастырылған жұмыс түрлерін қамтыды. Тарқатып айтар болсам, 10 «А» сыныбында физика пәнінің мұғалімі Бағдагүл Ошанова мен химия пәнінің мұғалімі Рыскүл Мустафинаның ұйымдастырымен «Халқым менен де биік»: Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?» тақырыбында пікірталас өткізілді. Пікірталас аясында «Қ.Сәтбаевтың өмір жолы» бейнебаяны көрсетіліп, оның елі үшін жасаған елеулі еңбектері ортаға салынып, оқушылар біраз деректерге қанық болды. Сонымен қатар көптеген ақын-жазушылардың Қаныш ағамызға арналған өлең-жолдарын мәнерлеп оқып берді.
.jpeg)
Аталған іс-шараның жалғасы ретінде 11 «А» сыныбында топтық жұмыс түрінде «Қазақтың Қанышы» тақырыбындағы іс-шара өткізілді. Оның аясында тарих пәнінің мұғалімі Жазира Бейсенғалиева Қ.Сәтбаевтың өмірбаянына қатысты сұрақ-тапсырмалар жұмыстарын жүргізді. Ал география пәнінің мұғалімі Фазира Дағарова Қ.Сәтбаевтың зерттеулеріне, еңбетеріне шолу жасаса, 8 «А» сыныбында кітапханашы Мадина Нургазинова сәуірдің 12-сі күнгі Ғылым күніне орай «Мәңгі сөнбес жарық жұлдыз» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Ғибраты мол шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері де белсене ат салысты. Әсел Жылдамқұлова 9-сыныпта, Наргүл Қарағұлова 6-сыныпта «Әлеуметтік желідегі таныстырылым» челленджін ұйымдастырды.
.jpeg)
Академик Қ.Сәтбаев саналы ғұмырында «барлығынан күмәндан және тек фактіге ғана жүгін» деген ұстанымымен, ғылыми және академиялық пікірталас пен талқылау жүргізе алу, ғылыми материалды жинақтау мен анализ жасай білу өнерімен көзге түсіп, ғылымға жол ашты. Ендігі кезекте, оның мол мұрасын жас ұрпаққа жеткізу ұстаздардың еншісіне тиесілі. Осы мақсатты жалау еткен іс-шара да жоғары деңгейде өз мәресіне жетіп, оқушылар тың мағлұматтардан өздеріне бойтұмардай ой түйгені анық. Оны шараға қатысу барысында оқушылардың көрсеткен белсенділігі мен кері байланысынан анық байқадық.
Тағылымы мол шара барысында жоғарғы сынып оқушылары да өздігінен ізденіп, ашық сабақтарда ғалым туралы білетіндерін ортаға салып жатты. Бұл, әрине, оқушылардың бейтарап қалмай, іс-шараға өз үлестерін қосуы деп түсіндік. Мектебімізде халқының лайықты ұлы Қ.Сәтбаевтың ұшан-теңіз еңбегін дәріптеу әлі де жалғасын таба бермек.
Роза ЖАРҚЫМБЕКОВА,
№15 ЖББМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.