Мектепті тәмәмдаған әрбір жастың алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Статистикалық деректерге сүйенсек, әлемде 40 мыңға жуық мамандық бар екен. Олардың бірі ежелден келе жатса, енді бірі заман талабынан туындаған.

Дегенмен, жол саласында мамандар тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Осыған орай, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы «2000 мектеп» акциясын бастаған еді. Аталған акция барысында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Қостанай облыстық филиалының басшысы мен мамандары өткен жылы қаламыздың бірнеше оқу орындары мен білім ордаларын аралап, мектеп оқушыларына ақпарат берді.
– Қазақстанда 7 мыңнан астам мектеп бар, әр мектептен 1-2 баланы үгіттеп жолшы маманын дайындасақ, 10 жылда бұл саладағы маман тапшылығы мәселесі шешіледі. Былтыр 80-ге жуық мектептерде кездесулер өткізіп, 2 мыңға тарта баланы қамтыдық. Биыл да бұл жұмыс жалғасын табуда. Осындай кездесулердің бірінде бір топ жас балалар ерекше қызығушылық танытты. Оларды өзіміздің мекемеге шақырдық, – дейді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Қостанай облыстық филиалының директоры Абылайхан Алшынбаев.
– Бұрын жолшы мамандығы жайлы тіпті ойланып көрмеппін де. Оның үстіне жолшы дегенде қысы-жазы далада, ауыр техникамен жұмыс істейтін адамдар көз алдыма елестейтін. Алайда, олай болмай шықты. Біздің мектепте Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Қостанай облыстық филиалының өкілдері келіп, жолшы мамандығы жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Кездесу барысында біз де бірталай қызықтырған сұрақтарымызды қойып, оған тұшымды жауап ала білдік. Біле түскен сайын қызығушылығымыз да арта түсті, – дейді Қостанай қаласындағы №3 орта мектептің 9-сынып оқушысы Шыңғыс Әлібеков.

Ел көлемінде жол салушы әрі жөндейтін мекемелерге құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальт-бетон төсеушілер, білікті механизаторлар тапшы. Сонымен қатар геодезия, картограф мамандар, метеорологтар, механиктер мен жол шеберлері жетіспейді. Жас буынның кейбірі мұндай мамандықтардан хабарсыз. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалы жол саласы мамандығына жастардың бетбұрыс жасау үшін кездесулер өткізіп жүргенін айта келеді.
Еділхан ХАМЗИН,
№15 ЖББМ педагогі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.