Жуырда Арқалық қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектепте «Қамқоршылар күні» аталып өтілді. Біздің білім ордасында бұл күнді өткізу дәстүрге айналған. Қамқоршылар күнінің тақырыбы: «Мейірімді жүректер» деп аталды.

Қамқоршылар күні отбасы ынтымағын нығайту, адамзаттың назарын әлеуметтік жетімдік қиындықтарына аудару, ата-анасыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршыларды құрметтеу, мадақтау, қамқоршылардың бір-бірімен тәжірибе алмастыру мақсатында қолға алынған. Дәстүрлі түрде өткізілетін қамқоршылар мерекесі – ерекше мереке.
Қамқоршылардың арқасында әр түрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өміріндегі ең маңызды нәрсе – отбасы, жылулық, махаббат пен қамқорлыққа бөленуде. Ондай адамдар біздің қоғамға мейірімділіктің жан жомарттығын сыйлайды. Әрбір баланың отбасында өмір сүруге құқығы бар. Қоғамда ең басты дәстүрлі тәрбие институты отбасы болып табылады. Баланың отбасы алғанын есінде сақтайды. Балаға жақсы көретін, мейірімді отбасының беретінін ешкім де бере алмайды. Міне, сондықтан да Қамқоршы күні мерекелік іс-шара ғана емес, сонымен бірге зор ақпараттық түсіндіру жұмысы болып отыр.
Іс-шараға үш қамқоршы О.Майорова, Е.Тришина және Т.Митрофанованың отбасы көпшілікке презентациялары көрсетілді. Қамқоршылық жасап жүрген қатысушыларға білім бөлімінен Алғыс хат табысталды. Жиын барысында балалар арасында ойындар ойнатылды, ән айтылып, би биледі. Ата-аналар бірін-бірі құттықтап, мектеп әкімшілігі мен балаларының сынып жетекшілеріне көңіл бөліп, қамқорлық жасағандары үшін зор алғыстарын білдірді.
Батырхан КАРАШИНОВ
«Сәлем» жас тілшілер
үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.