Мектеп – кеме, білім – теңіз

Выпуск - №20(668)   :   30.05.2025
621

IMG-7762

Мамырдың шуақты күнімен бірге мектеп қабырғасындағы ең толғанысты сәт – соңғы қоңырау да соғылды. Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназияда өткен бұл мереке ерекше мазмұнға толы әрі есте қаларлықтай болды.

IMG-7658

IMG-7671

Салтанатты жиынға Қостанай қалалық білім бөлімінің әдіскері Динара Еслямова, педагогикалық еңбек ардагері Роза Наурызбаева, бірінші сынып оқушылары мен бастауышты тәмамдаған төртінші сынып оқушылары, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
– Биыл мектебімізді 114 түлек аяқтап отыр. Төрт жыл бойғы еңбектің толағай жетістіктері біз үшін зор мақтаныш. Шәкірттеріміз түрлі білім додаларында топ жарып келеді. Алматы қаласында өткен «Бастау» математикалық турнирінің республикалық кезеңінде мектебіміз командалық есепте үшінші орынды иеленді. «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңінде оқушыларымыз бір екінші орынға, екі үшінші орынға ие болды. «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде екінші орынды, сонымен қатар «Білгіштер» қазақ тілінен танымдық ойынында және жыл сайынғы ағылшын тілі олимпиадасында мектебіміз бірінші орынды иеленді, – деді білім ордасының директоры Нұргүл Шакировна.

IMG-7858


Оқу жылы жақсы нәтижелермен аяқталды. 60 оқушы оқу озаты атанса, 252 оқушы екпінділер қатарынан көрінді. Іс-шара барысында үздік оқушыларға мақтау қағаздарын білім бөлімінің әдіскері Динара Талғатқызы табыстады. Содан кейін бастауыш мектепті тәмамдаған 4-сынып оқушылары ортаға шығып, ұстаздары мен мектебіне арнап жүрекжарды өлең жолдарын оқыды. Мерекелік кеш ән мен күйге, би мен өлеңге ұласып, оқушылар өнерлерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Бұл мерекеде мектеп өміріне белсене араласқан ата-аналарға да Алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ салтанатты жиында ең басты марапаттар – «Зияткер-2025» және «Жыл оқушысы» номинациялары өз иегерлерін тапты. «Зияткер-2025» аталымын педагогикалық еңбек ардагері Роза Наурызбаева табыстады. Бұл атақты Әмір Танат, Айдана Жұман, Ораз Мұхаммед Сексенбай және Зере Шөптібай иеленді. «Жыл оқушысы» аталымын директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Маржангүл Байбосыновна мен мектеп директоры Нұргүл Шакировна табыстады. Бұл марапат 1 «А» сыныбынан Инабат Кеңесбай мен 4 «А» сыныбынан Нұғыман Кеңесбайға бұйырды.
Ал мектеп өміріндегі әсерлі сәттің бірі – соңғы қоңырау соғу мәртебесі де ерекше оқушыларға тапсырылды. Бұл мәртебеге «Жыл оқушысы» атанған Нұғыман Кеңесбай және 1 «В» сыныбының оқу озаты Айлана Байкенова ие болды. Соңғы қоңырау үнімен бірге мектеп өмірінің тағы бір жылы тарих қойнауына енді. Ал алда – жазғы демалыс, жаңа белестер мен биік армандар.

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.