Мектеп мерейі – дарынды тұлға

Выпуск - №7(504)   :   18.02.2022
670

Баланың дарындылығын шыңдаудың бір жолы – табандылықпен еңбектену. Бұл тұста ұстаздың еңбегі өлшеусіз. Бүгінгі заман талабына сай ұстаздардың бір легі біздің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында да нәтижелі қызмет етіп келеді.

Тұлғаны өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптастырып, қасиеті мен дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларынан жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, ұстаздың, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау жолында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ұстаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас.

Республикалық «ҚР 100 дарынды оқушысы» жинағына енген мектебіміздің Жанерке Есенова, Айлана Ғалымбек, Жанерке Жакенова, Би-Барыс Серікбай, Арайлым Төлеген, Даяна Аманкелды сынды дарынды шәкірттеріміз қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатысып, қабілеттерін дәлелдеп, жаңашыл, төзімі берік, өзін дамыту сынды мүмкіндіктерін ашу жолында талай жеңіс тұғырынан көріне білген жеңімпаздарымыз. Дарынды ұстаздан – дарынды шәкірт шығары сөзсіз-ақ. Жетекшілері Айжан Абилова, Сауле Махмутова, Гүлнар Кенешпаева, Анар Сандибекова, Гүлжан Ахметбекова, Нұрсұлу Базыловадай шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарымыз педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалану жолында өз тәжірбиелерімен терең танылған ұстаздар екендігін шәкірттері тағы бір мәрте көрсете білді.

Бұл жолға мектеп басшысының да қосқан үлесі зор. Себебі келешектің тізгінін ұстар тұлғаны мектеп қабырғасынан білімді етіп тәрбиелеп, оң бағыт-бағдар беріп, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру жолында ешқашанда тоқтамауды талап ете білетін мектеп директоры Кемер Уразбеков «мектеп мерейі – дарынды тұлға» деген өзекті сөзді әр ұстаздың жанына серік етсе, елдің болашағы жарқын боларын айтады. Міне, дарындылық атты танғаларлық құбылысқа тән күрделі процесті жетістікпен ұштастырған мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттеріне табыс тілейміз.


Эльмира ДҮЙСЕНБАЕВА
Ғаббас Жұмабаев атындағы
Боровской мектеп-гимназиясы
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Меңдіқара ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.