Мектеп мұражайы ашылды

Выпуск - №50-51 (446-447)   :   27.12.2020
831

Өлкетану жұмыстарын жүргізуде мұражайдың өз міндеттері бар. Мұражай – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы, ел-жұрттың тағдыры. Мичурин орта мектебінде «Туған өлкем» мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мектеп мұражайының ашылуына Мичурин ауылының әкімі Балтабек Жұмағалиев, Мичурин ауылының ардагерлер кеңесінің төрайымы Вера Неданчук, Мичурин орта мектебінің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Екатерина Кильтаева, Кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Соловей сынды құрметті қонақтарымыз және мектеп директоры, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Айнаш Даданова қатысты.
Мұражайдың ашылуы онлайн форматта тікелей эфирде ата-аналар мен оқушылар тарапына көрсетіліп отырды. Мектеп мұражайы ашық білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде мектеп пен мәдениет мекемелері, қоғамдық бірлестіктер арасындағы байланыстың дәнекері және білім беру мекемесінің азаматтық-патриоттық қызметінің үйлестірушісі қызметін атқарады. «Туған өлкем» мектеп мұражайының материалдары мұғалімдер үшін тәрбие сағаттары, тарихи кештерді жүргізу, сабақ үрдісінде пайдалануда таптырмас құрал екені сөзсіз.
Мұражайдың негізгі міндеттерінің бірі – жастарға патриоттық тәрбие беру болса, негізгі бағыты елдің танымал адамдарымен қатар ауыл адамдарының өмірін, өзіндік тарихын жас ұрпаққа жеткізе отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырар тәрбиелік шаралар жүргізу. Одан бөлек ғылыми-зерттеу жұмыстары құжат және мәліметтер, заттық деректер жинау, оларды ғылыми түрде жүйелеу, халық арасында сақталып қалған жәдігерлерді жинастыру, оларды есепке алуды көздейді.
«Отан оттан да ыстық» деген дана халқымыз. Әркімнің туған елі өзіне ыстық. Ауылымыз гүлденіп, күннен-күнге дамып жатса, ол біз үшін үлкен мақтаныш. «Өлкетану» бағытында жұмыс істейтін мұражайға жәдігерлерді жинаумен айналысатын топ мүшелері мемлекеттік мекемелермен: облыстық, аудандық мұражайлар, мұрағат, кітапханамен, ауыл тұрғындарымен бірлесіп қызмет етеді. Саналы да ақыл-парасаты мол, ұлтжанды, рухы биік, мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелегіміз келсе данышпан бабаларымыздың өсиет-өнегесін, ақыл-ойын, тәжірибесін пайдалануымыз керек.
«Заманына қарай адамы» дегендей, мұражай қазіргі заман талаптарына сай келетін барлық техникалық құралдармен жабдықталған. Мұражайға келушілер сымсыз интернетке қосылған нетбуктарды пайдалана алады. Сонымен қатар бұл нетбуктар арқылы осы мұражайға және әлемнің, Қазақстанның барлық мұражайларына арнайы QR-код арқылы виртуалды саяхат жасай алады. Сол себепті оны «Смарт мұражай» деп атасақ та болады. Ауданның басқа мұражайларынан сонысымен ерекшеленетінін байқаған қонақтар оң бағасын берді.
Мұражайдың бүгінгі жетістіктері нарық заңдылықтарына бейімделген даму сатысының бірі деп бағалаймыз. Ендігі алға қойылған мақсат – халықаралық музей ісімен тереңірек танысып, олардың ұлттық мұраттарымыз бен мүдделерімізге үйлесетін озық үлгілерін өмірге енгізіп, XXI ғасыр талабына сай келетін музейлер қатарына қосылу, өлке тарихының алтын қазынасын келесі мыңжылдықтарға жеткізу жолындағы қызметтерін жалғастыра отырып, еліміздің биік руханиятын, озық мәдениетін әлемге таныту.
Мектеп мұражайының ашылуына зор үлес қосқандары үшін Қостанай аудандық білім бөлімінің басшылығына, мектеп ұжымына, мектепішілік Қамқоршылық кеңесіне және демеушілерімізге мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғыс білдіреміз!

Айжан ЖАБАЕВА,
Ерасыл КАЗЫБАЕВ,
Мичурин ОМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,
Қостанай ауданы

 

Реклама

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.

Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.