Жайдарман – көңілді тапқырлардың алаңы екені белгілі. Күні кеше Қостанай қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектебінде мектеп лигасының «Жайдарман» фестивалінің шымылдығы ашылды.

Фестивальді өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, мектебіміздің белсенділері, қалалық, облыстық «Жайдарман» ойындарының бірнеше дүркін жеңімпаздары Нұрқожа Маратов, Ерсұлтан Сапабек, Айлана Арамбаева, Бекнұр Кайыргазин сынды оқушыларымыз ұйымдастырды. Фестивальдің ашылуында өнер көрсеткен 5-6 сынып оқушыларынан құралған «Фейерверк», «Пингвин», «Люблино», «Бауырсақ» командалары арасындағы ойын тартысты өтті.
Кезекті ойынға 4 ойыншылар командасы жолдама алды. Осы жолы «Жайдарман» ойындары кубогын «Фейерверк» командасы иеленді. Бұл ойын әрі қарай жалғасын табатыны бізді қуантады. Ойыншылардың тапқырлығы мен орынды айтылған әзілдері көрермен әрі жанкүйер болған оқушылар мен мұғалімдердің көңілінен шықты. Олар да, өз кезегінде, келесі ойынды асыға күтетіндіктерін жасырмады. Командаларды құттықтай отырып, алдағы ойында сәттілік тілейміз.
Зоя ҚОЙТБАЕВА,
№10 ЖББМ директорының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.