«Мектепке жол» акциясы аясында

Выпуск - №1-2 (498-499)   :   14.01.2022
416

Әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы 2021-2022 оқу жылында да игілігі мол шара жалғасын тапты. «Жақсының жақсылығын айт» демекші, акцияға өз үлесін қосқан жандарды атап өткенді жөн көрдік.

Өркениетке бет бұрған қазіргі кезеңде дамитын ел дарынды ұландарынан көп үміт күтеді. Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыруда. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықта ақпараттандыру, ауылымыздың көпшілік жерлеріне үндеу хаттар түрінде бұрыштар құрылып, шаруашылық қожалықтар мен ұйымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеу шығарылды. Жеке кәсіпкерлер мен ауылымыздың белсенді азаматтарына үндеу хаттар жіберілді. Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары, меценаттармен әріптестік қарым-қатынас орнатылды.

Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қараған жандар аз болмады. Акция барысында «Терра» ЖШС 20 оқушыға 20 мың теңгеден 400 мың теңге, Қостанай аудандық «Төтенше жағдай орталығы» 1 оқушыға 20 мың теңге, Қостанай аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 1 оқушыға 21 мың теңге, Қостанай аудандық ауруханасы 2 оқушыға 40 мың теңге, Қостанай аудандық мемлекеттік мұрағаты 1 оқушыға 20 мың теңге, Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі 4 оқушыға 65 мың 500 теңге соммасында ақшалай қолдау көрсетті.

Осылайша игілікті шара барысында көрсетілген көмектің жалпы соммасы 566 мың 500 теңгені құрады. Акцияға қатысып, көмек қолын созған барша демеушілерге оқушылар, ата-аналар және ұстаздардың атынан алғысымызды айтамыз. Акция жыл бойы жалғасын таппақ.


Сандуғаш КАРМАНОВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ЖББМ
әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.