Мектептегі «Әкелер кеңесі»

Выпуск - №6(554)   :   10.02.2023
799

Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен ата-аналарының өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» жобасы негізінде мектебімізде «Әкелер кеңесі» өтті.

«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбы аясында өткен кеңес мектеп пен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, оқушылардың әкелерге деген құрмет сезімін нығайтуды мақсат етті. Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екендігін үлкендер назарына сала отырып, әкенің бала тәрбиесіне, оның біліміне, тәртібіне ықпал етуіне ата-ана белсенділігін арттыру көзделді.

Кеңесте «Мен жақсы әкемін бе?», «Ең жылдам әке» сынды топтық жұмыстар да ұлттық педагогикамыздың элементтеріне сүйене отырып ұйымдастырылды. Қамшы өру, қонақасын жіліктеп мүшелеу, ат әбзелдерін атау, әдеби тосап бөлімдерінен құралды. Халық даналығында «Бір әкенің берер тәрбиесін жүз мектеп ауыстыра алмайды» демекші, ұрпақ тәрбиесіне әкелеріміздің сабақтасуы көңілімізді марқайтады. Саламатты өмір салтын ұстанған әкелерімізге балаларды зиянды әрекеттерден сақтап, бос уақытын тиімді ұйымдастыруда өз уақыттарын аямай ықпалдасқаны үшін алғысымызды білдіреміз.


Роза АХМЕТОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясы
директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Рудный қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.