Биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру және жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізді. Құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.
Қазіргі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа рухани тәрбиеге басымдық берілген технология өмірге келді. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан, бүгінгі тәрбие мен білім берудің сапалы болуы үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білу, рухани құндылықтарды қалыптастыру – әрбір мұғалімнің міндеті. Сондай-ақ, мұғалімнің 45 минуты қызық әрі тартымды жаңалыққа толы болуы керек. «Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», – деген Ахмет Байтұрсынұлының айтқан өсиетін өзіме міндетім деп санаймын. Тұнып тұрған тәрбиені Ахмет о бастан айтып кетті емес пе?!
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының тиімділігі – оқушыға ата-ана мен мұғалімге оң әсерін тигізеді. Оқушыға тәрбиенің құндылығын бағалауда ғылыми көзқарасын қалыптастыруда оқыту әдісін дұрыс таңдау нәтиже береді. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асыру жоспары бойынша мектебіміз де өз жұмысын бастап кетті. 1–11-сынып жетекшілерімен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша жиналыс өткізіледі. Қыркүйек-қазан айындағы атқарылатын жұмыстар да жоспарланып, апта дәйексөздері дайындалды.
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы – қыркүйекте жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Атап өтер болсақ, «Бала тәрбиесі – басты құндылық» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру бойынша мектеп директоры Д.Кенжегалиев пен сынып жетекшілердің қатысуымен арнайы отырыс ұйымдастырылды. Мектебіміздің оқушылары «Біздің мектеп буллингке қарсы» челленджіне атсалысып, оны әлеуметтік желілерге жариялады. Түрлі тақырыптағы кездесулер, «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оның алдында өткен жеке қауіпсіздік сабағында аптаның дәйексөзінің мағынасы ашылды.
Еңбек күніне орай, 5–11-сынып оқушылары мен мектеп ұжымы арасында «Таза мектеп ауласы» акциясы өткізілді. Ал, буллинг және кибербуллинг тақырыбындағы кездесулер аясында балалар мен жасөспірімдерге қорқыту мен алаңдаушылықтан аулақ болуға, денсаулығын және жақын адамдармен қарым-қатынасты сақтап, нығайту жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айдың аяғында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жобасы бойынша 5–6-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында күнделікті атқарылатын іс-шаралар бірқатар өнегелі жұмыстармен жалғасын табуда. Мысалы, үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру бағытында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты алаң қолға алынып, онда балалар асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. қызықты ойындарды ойнауда. «Өнегелі 15 минут» іс-шарасы аясында сынып жетекшілер ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуін назарда ұстауда. Бұл мақсатта ата-аналарға кеңес сабақтары ұйымдастырылды.
Суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында «Үнемді тұтыну» жобасы аясында жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу, тарату жұмыстары атқарылуда. Бұндағы мақсат – оқушылардың бойына үнемдеу, еңбекті қадірлеу сынды қасиеттерді сіңіру. «Күй күмбірі» жобасының шеңберінде қоңыраудың орнына күйді пайдаланып, үлкен үзіліс кезінде күй тыңдауды әдетке айналдырдық. Аталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асырылуда.
«Менің Қазақстаным» жобасына сай, оқу аптасының бірінші күнінде білім алушылар дәстүрлі түрде алғашқы тәрбие сағаттарында ҚР Мемлекеттік әнұранын орындайды. Ал, апта сайын сынып тақталарында және кітапханада «Апта дәйексөздері» ілініп тұрады. Мектеп қабырғасында арнайы стенд орнатылды. «Қауіпсіздік сабағы» сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу негізінде жүзеге асырылуда. «Бала қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында ата-аналармен жиналыстар өткізіліп, балалардың интернет желісінде қандай ойындар ойнап, қандай сайттарға кіретіні үшін ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазан айында «Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік», «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!» және «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыптарында сынып сағаттары өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды.
Жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиені күшейту мақсатындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы баланың сыртқы және ішкі қауіпсіздігін қаматамасыз етуге бағыттылған. Аталмыш бағыттағы негізгі үш құндылық: ар-ұят құндылығы, талап құндылығы және ұлттық мүдде. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының өзегі – осы. Тәрбиенің негізін: ұлттық мүдде, ұлттық мұра, ұлттық мәдениет, тарихи орындар, табиғи мұра, көшпелі өркениет мұрасы құрайды. Әркез үлкендер балаларды тәрбиелеп, өмірге дайындады – оларға өмірлік құндылықтарды, сол кездегі басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын, еңбек дағдыларын үйретті, қоғамның тұрмыс-тіршілігі мен ережелерімен таныстырды.
Негізінен тәрбие – қашаннан бар дүние. Ата-әжелер, әке-шешелер – айналадағы адамдардың бәрі де тәрбиеге өз үлестерін қосты – өз сөздерімен, іс-әрекеттерімен немесе іс-әрекеттерінің болмауымен. Соның нәтижесі – адам өмірі. Бұл нәтиже жақсы болса, әрбір бала өз жолында табысты өмірге апаратын ережелерді түсінуге көмектесетін, дүниедегі орнын біліп, қабілетін ашуға, өзіне және өз күшіне сенуге, өмірінің мәні мен мақсатын көруге, осы мақсатқа жетуге көмектесетін адамдарды кездестірсе игі. Бұл тұрғыда, әрине, басты рөлді мектеп атқарады. Сол себепті, біз «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, осы бағытта жұмысымызды жалғастырамыз.
Гулим КАЛИЕВА,
Ғ.Қайырбеков атындағы
ЖББ мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі,
Жангелдин ауданы, Қалам-Қарасу ауылы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.