Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Мектептегі тәрбие жұмысының үлгісімен

Выпуск - №13(610)   :   05.04.2024
1197

image

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі мақсат – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

8-1-1

Біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр – ғылым мен технологияның қарыштап дамыған уақыты. Ақпараттандыру, жаһандану мен интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында адамзат баласына білім беру бірінші кезекке қойылатыны сөзсіз. Қазір қоғамдық көзқарастар да күннен-күнге өзгеру үстінде. Әрбір ақпарат құралдарының жұмысындағы барлық шектеулер алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана-сезімі мен рухына әсер етуде.

8-1-4

Тәрбиенің қандай саласы болмасын, бір арнаға тоғысуы керек. Сондықтан да, қазіргі кезде алдымызда тұрған үлкен міндет – ұрпағымызға адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбие беру болып отыр. Осы тұста жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екендігі баршамызға аян. Сол тәжірибені пайдалана отырып, тәрбие жан тазалығына, адамгершілік игі қасиеттерге, парасаттылыққа, елжандылыққа негізделуі тиіс. Оның айқын көрінісі – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы.

8-1-3

Аталмыш құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттері айқындалады. Соның негізінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы ретте жақында Қостанай ауданына қарасты Мичурин жалпы білім беретін мектебінде «Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы жаңа әдістер» тақырыбында аудандық семинар өтті.

8-1-6

Семинар жұмысы үш секция аясында жүргізіліп, жұмыс оқыту мен тәжірибеге, жаңа жұмыс технологияларын көрсетуге бағытталды. Қатысушылар үшін Мичурин мектебінің және Балалар шығармашылық үйінің тәжірибелі педагогтері жұмыс істеді. Атап айтар болсақ, Мичурин ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Маденова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.Ермагамбетова, Г.Баймуханова, химия пәнінің мұғалімі А.Алдабергенова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ретінде біз де өз тәжірибелерімізбен бөлістік. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қосымша білім беру педагогтері, пікірсайыс үйірмелерінің жетекшілері қатысты.

8-1-5

Семинар қатысушылары берілген тапсырмармаларды орындауда белсенділік танытып, сонымен қатар, жаңа жұмыс әдіс-тәсілдерімен танысты. Семинар барысында шеберлік сағаттар көрсетіліп, спикерлер жұмыс тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті. Осылайша тағылымды семинар соңында қатысушылар ақпараттың пайдалылығы мен тәжірибелік тұстары туралы, сондай-ақ осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылу қажеттігін атап өтті.

Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
Айжан ЖАБАЕВА,
Мичурин ЖББМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарлары,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.