Мемлекеттік тіл – мақтаныш

Выпуск - №14 (461)   :   09.04.2021
351

Қазақстан жерінде тұратын әр адам елінің мәдениеті мен тілін біліп, қастерлеуі қажет. Бұл мақсатта Докучаев орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты ашық сыныптан тыс сабағы ұйымдастырылды.

Жалпы, сайыс мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және өзге ұлт бүлдіршіндерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, ұлттық патриотизмді дамыта отырып, тәлім-тәрбие беру және тарихымызды ұлықтау мақсатында өтті. Бастауыш сынып оқушылары мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойын жеңіл әрі еш қиындықсыз жеткізе алды.
Оқушылар өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін жоғары деңгейде көрсете білді. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру мақсатымыз көздеген межесіне жетті. Сайыс түрінде өткізілген сабақта оқушыларымыз «Таныстыру», «Дода», «Кім шапшаң?», «Кім тапқыр?», «Адасқан әріптер» кезеңдері бойынша сынға түсті.
«Дода» кезеңінде оқушылар сұраққа жылдам әрі бір сөзбен, қысқа да нұсқа жауап берсе, «Кім шапшаң?» кезеңінде оқушыларымыздың грамматикалық сауаттылығын тексере отырып, тапсырмалар берілді (оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді). «Кім тапқыр?» кезеңінде қатысушылар берілген суреттердегі ұлттық ойын түрін қазақ тілінде айтып түсіндірсе, «Адасқан әріптер» кезеңінде берілген әріптерден сөз құрап, 3 тілде айтып берді.
Тартысты сайыс-сабақ нәтижесінде І орынға 4-сынып оқушылары Алина Валиева мен Кирилл Ухов ие болды. Ал 2-сынып оқушылары Алихан Валиев пен Каролина Игнат ІІ орынға иеленсе, 3 «А» сынып оқушылары Евгения Коленко мен Ксения Ларионаева, 3 «Б» сынып оқушылары Алена Липарина мен Рустам Землянов ІІІ орынға қол жеткізді.
Қадыр Мырза Әли айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Дегенмен әрқайсысының «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір».

Айнұр ҚОЖАХМЕТОВА,
Докучаев ОМ қазақ
тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Науырзым ауданы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.